Интерактивная карта
«Великий Шелковый путь»
Оталық қызметінің маңызды бағыттарның бірі ежелгі мәдениеттер жақындасуының күре тамыры болған Ұлы Жібек жолы феноменін зерттеу, сондай-ақ оның мәдени мұрасын насихаттау болып табылады. Мыңжылдықтар бойы Ұлы Жібек жолы бойындағы елдерде экономикалық және мәдени өрлеу байқалған. Ұлы Жібек жолының бағыттары бойынша тауарлар, технологиялар мен ғылым, білім тарады. Қалалар мәдениет пен өнер ошақтарына айналды. Этникалық және конфессиялық толеранттылық мәдениеті қалыптасты. Зерттеушілер мәдениеттер диалогының кейбір тетіктерін анықтады, дәстүрлі және урбанистік мәдениеттегі коммуникацияның жекелеген үлгілерінің генезисі зерттелді, сонымен қатар Ұлы Жібек жолындағы зороастризм, шаманизм манихейлік, ислам және христиандық сияқты діни ағымдар арасындағы көшпенділердің космологиялық көріністерімен құрылымдық байланыс анықталды. Бұл «Ұлы Жібек жолындағы мәдениет және дін» орталығының жаңа экспозициясының көрнекті нарративінде көрсетілген. Зерттеу нәтижелері халықаралық және отандық рейтингтік журналдарда орындаушылардың көптеген жарияланымдарында ұсынылған.
Басты бетке оралу