Қойлық
Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің бірі – қарлұқ хандарының астанасы болған (ХІ – ХІІ ғғ.), кейін шағатайлықтар мемлекетінің саяси, экономикалық және мәдени ірі орталығына айналған (ХІІІ-ХІVғғ.) ортағасырлық Антоновка (Қойлық) қаласы болып табылады.
Бұл қала туралы бірегей мәліметтер француз королі Людовик ІХ Моңғолдық Менгу империясының жоғарғы қағанына жолдаған кітабында сақталған. Қазба жұмыстары кезінде бұл жерден мешіт, будда және манихей ғибадатханалары табылып, зерттелді. Қалада өзіндік ерекшелігі бар күміс және мыс теңге шығаратын теңге сарайы болғандығы дәлелденді. Мұны Махмуд Қашқаридың атақты Ики Оғыз қаласы көрсетілген Г.Рубруктің Қойлыққа дейін болған Эквиусына сәйкес келетін географиялық картасы да дәлелдейді.



















Артқа қайту