Міндеті,мақсаты, мандаты

Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының (бұдан әрі - Орталық) мақсаты дінаралық және мәдениетаралық диалог арқылы білімді дамыту, озық зерттеулер жүргізу, мәдениетаралық байланыс әлеуетін арттыру, анықтамалар мен жарияланымдар даярлау, сондай-ақ пікірталас пен білім алмасу бағытын қамтамсыз етуде өзара түсіністікке, төзімділікке және бейбіт өмір сүруге ықпал ету.

Орталықтың қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • «Жібек жолы» жобасы бойынша әзірленген Орталық Азиядағы мәдениетаралық және дінаралық  диалог арқылы білімді жетілдіру және тәжірибе алмасу, төзімділік және бейбіт өмір сүруді қатмасыз ету;
  • Семинарлар арқылы жекелеген және институционалдық жетік білімді дамыту; оқу-әдістемелік нұсқаулық; сауаттылық мәдениетін  кеңейту;  хабардарлық конференциялар;  ЮНЕСКО-ның әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігерін қолдау;
  • Орталық Азия және одан тыс жерлердегі тиісті қатысушылардың желісін құруды қамтамасыз ету, аймақтағы ғылыми өнімдер мен білімнің дамуын қолдау мақсатында әлемнің басқа аймағындағы зерттеушілермен өзара байланыс орнату;