ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы әлемдік тәжірибе үшін бірегей орталық болып табылады. Біз мәдениеттерді іргелі зерттеумен айналыса отырып, мәдениеттерді жақындастыру туралы нақты іс-шараларды іске асырамыз. Посткеңестік кеңістікте мәдениеттердің жақындасуы көбінесе халық  өнерпаздары бишілер мен әншілердің өзара тәжірибе алмасуы деген түсінік қалыптасып келді. Орталық тарих, археология, мәдениеттану саласында еңбек етіп жүрген ғалымдармен бірлесіп, халықаралық форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы мәдениеттердің қалыптасу тарихы мен олардың өзара байланысын  талдап оны кең аудиторияға жеткізе отырып, планетарлық сананы қалыптастыруға ықпал етеміз.
Әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі бола отырып, дүниежүзілік тарих толқыныны мен жаһандануда бола отырып, маятник заңдылығы бойынша біз өзге шектен шығу – өзінің мәдени матрицасында тығылып, оның құтқарушы қабығын ұстай отырып, тәуекелге ұшыраймыз. Менің ойымша, мәдениетаралық диалог осы өтпелі кезеңнің қиындықтарын шешуге жол ашады. Мәдени сан алуандықты сақтау ортақ құндылықтарды нығайту болып табылады. Ол барлық мәдениеттердің рухани құндылықтарын қамтиды. Әр елде қазірдің өзінде планетарлық сананың тасымалдаушылары бар және әлемнің мұндай адамдардың өз мемлекеттерінің басшылары, ұлт көшбасшылары болып сайланатынына деген үміті бар. Тірі денеде ондаған мүше бар. Дененің тіршілігі – солардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, әр бүйрек, одан кейін бауыр да, жүрек те дербес өмір сүргісі келіп, еркіндікті талап етті дейік. Денедегі мұндай жайт мидың әлсіздігінен немесе оның мүлде жоқтығы салдарынан орын алады. Мәдениеттердің өзара тәуелділігі мен өзара жақындасуы – біздің ғасырымыздың ғаламдық дамуының айқындаушы үрдісі. 
«Tutto il mondo è un paese», «Бүкіл әлем – бір ел»  - итальян мақалы. Бүгінгі әлем бұрынғыдан да осал және өзара тәуелді. Біз мемлекеттердің тұрақтылығына қауіп төндіретін  терроризммен, экстремизммен, агрессиялық сепаратизммен тұспа-тұс келетін, көбінесе ашық мемлекеттік қарулы қақтығысқа алып келетін қауіпсіздіктің ауқымды сын-тегеуріндеріне тап болдық. Мен бұл қақтығыстарды жеңу мәдениеттердің жақындасуы білім мәдениетіне негізделген планетарлық сананы қалыптастыру арқылы ғана мүмкін болатынына сенімдімін.