Аспара
Аспара қалашығы Алматы-Шымкент жолындағы Тараз қаласынан шығысқа қарай 180 км. жерде орналасқан. Цитадельдің биіктігі - 20 м. Қалашық шетіндегі дуал жақсы сақталған.
Араб - парсы қолжазбаларында Аспара қалашығы туралы жиі кездескен. XV ғ. 70 жылдары Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Сұлтан 10 000 әскерден тұратын берік қамал тұрғызды. Осы жер үшін күреске ақсақ Темір ұрпақтары Ұлықбек пен Әбу Саид жетекшілік етті. Аспараның археологиялық зерттеулерімен Л.Б. Ерзакович айналысты. Аспарадағы қазба жұмыстары кезінде бірнеше заттар табылды. Солардың бірі түрік тіліндегі жазуы бар - сүйек. Аспара IX-XV ғасырларды қамтиды.


Артқа қайту