Түркістан
Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан және Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі болып табылады: ол 1500 жылдан астам уақыт бұрын құрылған.
Түркістан (Яссы) түркі тілдес халықтардың саяси және рухани орталығы болып табылады және көптеген ғасырлар бойы Қазақ хандығының астанасы болды. Қаланың басты көрікті орындарының бірі – XIV ғасырдың аяғында-XV ғасырдың басында салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Қазіргі уақытта қала Қазақстан, Орталық Азия және басқа да елдер мұсылмандарының қажылық орталығы болып табылады. Қажылардың айтуынша, Түркістандағы Яссауи кесенесіне үш сапар Меккеге кіші қажылыққа барғанмен тең. Сондай-ақ қалаға ежелгі қалалар мен мәдениетке қызығушылық танытатын көптеген туристер келеді. Бұл жерлердің ең қызықты археологиялық ескерткіштері ортағасырлық Отырар қаласының өркендеу дәуіріне жатады. Көптеген жылдар бойы археологиялық қазбалардан кейін осы археологиялық ескерткіштер Отырар оазисі тарихи-мәдени қорығының құрамына енгізілді.
Сондай - ақ мұнда моңғолдардың қаланы алуын көрнекі көрсететін тамаша тарихи мұражай, Қожа Ахмет Яссауи ұстазы мен тәлімгері Арыстан бабқа арналған XII – XX ғғ ескерткіші орналасқан.





Артқа қайту