Құлан
Құлан қаласы VIII ғ. бірінші жартысындағы қытай жазба дереккөздерінде белгілі. XIII-X ғасырлардағы Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан қалаларды сипаттайтын араб авторлары Құлан туралы баяндайды. X ғ. Әл Максиди Құлан қаласын нығайтылған, орталық мешіті бар қала ретінде сипаттайды. XIII ғ. авторы ибн Якут «Құлан түрік елдерінің шекарасындағы әдемі қала» деп белгілейді.
Көптеген белгілі тарихи оқиғалар Құланмен байланысты: мұнда, 740 жылы соңғы батыс түрік қағаны Ашина Сыньды, түргеш князы Күрсұлем өлтіреді. 840 жылы араб әскерлері Құланға жетті.
XX ғ. 60 жылдарынан бастап археологиялық зерттеулер жүргізілуде.
Қала аумағындағы қабырғалардың ішінде қамалдар мен үйлердің қалдықтары бар ондаған төбешіктер орналасқан. Бірнеше төбешіктер қазылған.
VI-VIII ғасырлардағы сәулет және техникалық құрылыс құрылымдары Орталық Азия мен Қазақстанға тән. ҰҒА академигі К.М. Байпақов бұл жұмыстарға жетекшілік етті.










Артқа қайту