Акыртас
Оңтүстік Қазақстанның құпиялы ескерткіштерінің бірі – Ақыртас. Бұл, жоспарлы төртбұрышты, қызыл құмды тас блоктардан қаланып, аяқталмаған монументалды құрылыс. Ғалымдар Ақыртасты буддалық немесе несториандық ғибадатханалар, керуен сарайлар, ақыр соңында араб басқарушысы Күтейбының сарайы немесе Қарлұқ қағанының бітпей қалған бек сарайы деген түрлі болжамдар айтқан. Ақыртас құрылысы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі құрылыстарға және Самарадағы Араб халифтерінің - жазғы резиденциясының жобасына ұқсас. Ақыртас ескерткішінің құндылығын су құбырларының қалдықтары, бекіністер мен бақылау бекеттері, су қоймалары, бақшалар мен саябақтар дәлелдейді.







Артқа қайту