Тамғалы
Біздің еліміздегі тастағы бейнелердің (петроглифтердің) ең жарқын және күрделі кешені Тамғалы болып табылады. Тамғалы - бұл қасиетті орын, қола дәуіріндегі ашық аспан астындағы ғибадатхана. Сонымен қатар тастағы бейнелерде: антроморфтық күн сәулесінің таңбалары; тері киген шамандар; қару-жарақ ұстаған ерлер; бұқа құрбандығы және басқа да көріністер бейнеленген. Бұл суреттер бізге қола дәуіріндегі адамдардың ішкі әлемі жайлы түсінік береді. Мұнда қола дәуіріндегі суреттерден басқа, ерте темір дәуіріндегі және орта ғасырлардағы петроглифтер кездеседі.









Артқа қайту