Актобе
Ақтөбе қалашығы Ақсу өзенінің екі жағына Шу өзеніне құйылатын жеріне жақын орналасқан.
Ақтөбе қабырғалары қоршалған кең аумақты алып жатыр. Орталықтағы қираған жерлер Ақсу өзенінің сол жағалауында орналасқан. Цитадель көлемі 100х120 м биіктігі 15м. Шахристан 210х240 м. Орталық қирандыларды қолөнер және ауыл шаруашылығы округі, сыртын екі қатар дуал қоршаған. Қабырғаларының биіктігі 9,5-10 км. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры У.Х.Шәлекеновтің жетекшілігімен 1974 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе қалашығына археологиялық және экспедициялық зерттеулер жүргізілуде. Ежелгі қоныстың цитаделі зерттелді, шахстанда керамика және кірпіш күйдіретін пештер, шарапханалар, су құбыр жолдары қазылған. Қалашық б.э. V-XII ғ. қамтиды.










Артқа қайту