Ежелгі және ортағасырдағы Орта Азиядағы халықтардың қатынас үлгілерін жасау

conference
conference conference conference conference
conference conference conference conference
conference conference conference

Жобаға қысқаша түсніктеме: Осы жоба аясында Қазақстанның жарқын жəәне ерекше ескерткіштері – петроглифтер, тас мүсіндер, көптеген көркем заттар мен археологиялық кешендерден табылған ат əәбзелдері мен дөңгелекті көлік түрлеріне байланысты ұсақ пластикалар жергілікті халық пен көші-қон бағытын, технологиялардың трансфертын, сауда-саттықты, жергілікті халықтардың ішкі жəәне сыртқы байланыстарын қалыптастыратын жəәне кейінірек өзінің құбылысында классикалық «Ұлы Жібек жолы» атауын алған.

Жобаның мақсаты мен міндеті: ЮНЕСКО халықаралық ғылыми сараптамасы жəәне Қазақстан аумағындағы бірегей ескерткіштер аталымы; тарихтағы «Ұлы Жібек жолы» бағыттарын қалпына келтіру; қалыптасқан дəәстүрлі көлік байланыс түрлері – бейнелеу дəәстүрлерін анықтау жəәне көлік құралдары – доңғалақты көлік құралдары жəәне қол дəәуірінен ортағасырға дейінгі жылқы, өгіз, түйе жабдықтары; осы трансконтинентальды артерияның қызмет етуінің түрлі аспектілерін сипаттайтын монографиялар мен мақалалар басып шығару үшін дайындау мен жазу; жарияланымдар арқылы таныстыру жəәне бірегей шынайы артефактілер, нақты көлік құралдары жəәне сондай-ақ археологиялық, бейнелеу, жазба ескерткіштері жəәне ежелгі сенімдердің, салттардың, дүниежүзілік діндердің сараптамасы негізінде таралуының дəәлелі Ұлы Жібек жолындағы басқа да мəәдени мұра ескерткіштерінің категорияларын қазіргі кездегі мультимедиялық технология мен қайта қалпына келтіру мен сақтаудың авторлық əәдістері негізінде жасау.

Алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін қосымша далалық сандық фото-видео фиксация, ғарыштан түсірілген аэрофототүсірілімдер) жəәне зертханалық (камералды) танымал жəәне жаңадан ашылып жатқан бейнелеу жəәне археологиялық ескерткіштерді зерттеу; апат жағдайындағы нысандар мен көркем археологиялық заттарды қайта қалпына келтіру мен сақтау, сараптау жұмыстары атқарылды; кешенді жобалау-зерттеу жұмыстары іске асылырды; табылған ат əәбзелдері: ер-тоқым, жүген, шылбыр мен доңғалақты көлік түрлеріне қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды; ежелгі кезеңнен ортағасырға дейінге дейін Қазақстан мен Орталық Азияның көрші аймақтарынан табылған ескерткіштердің бейнелеу дəәстүрлерін мұқият сараптау негізінде ежелгі байланыс материалдарына сараптама мен синтез жасалды.