«Саналы өзара тәуелділік философиясы» Еуразия мәдениеттерін жақындастырудың VI халықаралық форум

conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference

2025 жылғы 18 желтоқсанда ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы (ХМЖО) «Саналы өзара тәуелділік философиясы» тақырыбында VI Халықаралық Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізді.

Форумның басты мақсаты — адамзаттың ұлы ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапқан саналы өзара тәуелділік философиясын кешенді ғылыми тұрғыда талқылау, оның жаһандық мәдени, білім беру және өркениеттік үдерістердегі маңызын айқындау болды. ХХ ғасырда Олжас Сүлейменов тұжырымдаған бұл іргелі идея мәдениеттерді жақындастыруға бағытталған философиялық және білім беру ілімдерін біріктіретін тұтас жүйе ретінде адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының маңызды құрамдас бөлігі екені атап өтілді.

Іс-шараның бағдарламасы мазмұны терең, өзара сабақтас үш секция — «Конфуцийшілдік және саналы өзара тәуелділік», «Шоқан Уәлихановтың білім мәдениеті», «Олжас Сүлейменовтің болашаққа жол формуласы» аясында өрбіді.

Секциялық отырыстар барысында Конфуций іліміндегі қоғамды құрайтын әлеуметтік топтардың өзара сабақтастығы, үйлесім мен жауапкершілікке негізделген қоғамдық дамудың философиялық негіздері кең ауқымда талқыланды. Одан кейінгі ғылыми пікір алмасулар Шоқан Уәлихановтың халықтар мен мәдениеттер эволюциясындағы білім мен бостандықтың өзара ажырамас байланысын айқындаған идеяларына арналды. Ал қорытынды секциялық бөлімде Олжас Сүлейменов ұсынған «тәуелділік ғасырларынан – тәуелсіздік кезеңі арқылы – саналы өзара тәуелділік дәуіріне дейін» тұжырымдамасы ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлер, өркениеттік өзгерістер мен мәдени ықпалдастық үдерістері аясында жан-жақты ғылыми сараптаудан өтті.

Халықаралық басқосуға әлемнің әр өңірінен келген беделді шетелдік және отандық ғалымдар, академиктер мен сарапшылар қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда, Ресей-Мәскеуден Әлем халықтары Ассамблеясының Бас хатшысы Андрей Юрьевич Белянинов, Әзірбайжан-Бакуден тарих ғылымдарының докторы, Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, «Симург» Әзірбайжан мәдениет қауымдастығының президенті Фуад Теюб оглы Мамедов, Татарстан-Қазан қаласынан ЮНЕСКО бейбітшілік мәдениеті институтының ректоры, «Еуропа–Азия» халықаралық гуманитарлық академиясының президенті, Татарстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының мүшесі, академик Энгель Ризакович Тагиров, Қазақстан-Алматыдан Еуразиялық мәдениет қорының президенті, академик Ерұлан Мұсаханұлы Қанапиянов, тарих ғылымдарының докторы, ҚазҰЖҒ академигі, Конфуций халықаралық зерттеушілер қауымдастығының басқарма мүшесі, ЮНЕСКО қамқорлығындағы ХМЖО-ның бас ғылыми қызметкері Клара Шайсұлтанқызы Хафизова, Қытайдың Шаньдун провинциясынан Шаньдун педагогикалық университетінің Цилу мәдени зерттеулер институтының қауымдастырылған профессоры Вэньчан Ли, Тәжікстан-Душанбеден философия ғылымдарының докторы, профессор, Ага Ханның «Адамтану» жобасының аға ғылыми қызметкері Пулат Давронович Шозимов, сондай-ақ Германия-Нюрнбергтен тарих ғылымдарының кандидаты, Орталық Азияны зерттеу жөніндегі Француз институтының (IFEAC) қауымдастырылған ғылыми қызметкері, Фридрих-Александр университетінің шақырылған зерттеушісі Нестор Александрович Маничкин және өзге де халықаралық әрі отандық ғылыми қауымдастық өкілдері қатысып, мазмұнды пікірлер мен баяндамаларын ортаға салды.

Орталықта өткен бұл ірі халықаралық іс-шара арқылы ЮНЕСКО-ның бағдарламалық мақсаттары нақты жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 2013 жылғы ЮНЕСКО Бас конференциясының қарарында көрсетілген «ортақ тарих пен естеліктерді диалог үшін насихаттау», «білімге қолжетімділікті кеңейту», сондай-ақ 2011 жылғы Бас конференция қарарында белгіленген «өзара түсіністік пен мәдениетаралық диалогты ілгерілетудің жаңа бағыттарын іздеу» қағидаттары мазмұндық тұрғыда толық қамтылды.

Форум ЮНЕСКО-ның 2022–2029 жылдарға арналған орта мерзімді стратегиясы, Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл, сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының 10 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып, халықаралық ғылыми және мәдени қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бұл басқосу мәдениетаралық диалогты тереңдетуге, гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және адамзаттың зияткерлік мұрасын заманауи тұрғыда пайымдауға бағытталған маңызды халықаралық платформа ретінде танылды. Нәтижесінде мәдениеттерді жақындастыру, бейбітшілік пен өзара түсіністік қағидаттарын ілгерілету жолындағы ғылыми бастамаларға серпін беріліп, болашақтағы бірлескен зерттеулер мен халықаралық жобаларға берік негіз қаланды.