Орталық Азия, Ресей және Әзербайжан елдерінің педагогтары үшін «Білім сапасы және мәдениеттердің жақындасуы. Білім қоғамдарын дамыту теориясы мен практикасы»
2024 жылы 10-12 қыркүйекте Орталық Азия, Ресей және Әзербайжан елдерінің педагогтары үшін «Білім сапасы және мәдениеттердің жақындасуы. Білім қоғамдарын дамыту теориясы мен практикасы» атты конференция өткізілді.
III Халықаралық Жазғы мектептің қызметі ЮНЕСКО-ның 2022-2029 жылдарға арналған Орта мерзімді стратегиясындағы №1(41 А/1) стратегиялық мақсатқа жауап береді, ол білім алушылар мен шығармашылық қоғамдарды құруға және Байырғы тілдердің халықаралық онжылдығының (2022-2032) мақсаттарына орай сапалы білім беруді қамтамасыз етуді және оқыту мүмкіндіктерін көтермелеуді көздейді. Жазғы мектептің негізгі мақсаты - білім беру сапасын жетілдіру үшін мәдениеттерді жақындастыру арқылы педагогтар мен ғалымдар арасында тәжірибе алмасудың диалогтық платформасын ұсыну.
Халықаралық жазғы мектеп қатысушыларына: Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры О. О. Сүлейменов, Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық бюросының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағдарламаларының жетекшісі М. Т. Байбеков, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей -қорығы директоры Г. Р. Мұхтарова, «Таңбалы» қорық-музейі директоры Б. Д. Дандыгараева құттықтау сөз сөйледі.
Баяндамаларымен: профессор, ф.ғ. д., б.ғ.қ. ОАУ МҒС П.Д.Шозимов (Тәжікстан, Душанбе қ.), кинорежиссер, педагог Р.Н. Нұғманов (Қазақстан, Алматы қ.), PhD, Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары И. В. Крупко (Қазақстан, Алматы қ.), ситуациялық қазақ әдістемесінің авторы К.Тасибеков (Қазақстан, Алматы қ.), қауымдастырылған профессор,т.ғ.к., IFEAC а.ғ.қ. Н. Маничкин (Қырғызстан, Бішкек қ.), Құрманғазы атындағы ҚҰК -ның қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к., ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның сарапшысы Е. Б.Имамбек (Қазақстан, Алматы қ.), Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры, т. ғ. к., Т. Т. Далаева (Қазақстан, Алматы қ.), Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ғылым бөлімінің басшысы В. Г. Толмачев (Қазақстан, Алматы қ.), бірлескен баяндамамен: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доцент, т.ғ. к., К. Бижигитова., доцент,т. ғ. к., С.Үдербаева (Қазақстан, Алматы қ.), бірлескен баяндамасымен: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры, т. ғ. к., Т.Картаева, PhD докторант, Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының жалпы және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары С.Әшимова (Қазақстан, Алматы қ.), профессор, т.ғ. д., Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ж.ғ.қ. Л. Ғ. Ерекешева (Қазақстан, Алматы қ.), М. Әуезов атындағы ОҚУ «тарих және этнология» ғылыми орталығының жетекшісі. Ш.Торғаутова (Қазақстан, Шымкент қ.), PhD, психолог, эшталь терапевт, Alma U бағдарламасының жетекшісі Д. Сақтағанова (Қазақстан, Алматы қ.), Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, қосымша білім беру педагогы Р. Мугавеева (Қазақстан, Шымкент қ.), PhD, БҚМУ аға оқытушысы. М. Өтемісова Н.Сабырғалиева (Қазақстан, Орал қ.), бірлескен баяндамасымен магистрант А. Қайыржанова, PhD докторант, Бөкетов атындағы ҚМУ. Т.Шелестова (Қазақстан, Қарағанды қ.), т.ғ. к., Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ж.ғ.қ. В. А. Новоженов (Қазақстан, Алматы қ.), т. ғ. к., Бөкетов атындағы ҚУ Сарыарқа археологиялық институтының археология және этнография музейінің меңгерушісі. Беделбаева М. (Қазақстан, Қарағанды қ.) қатысты.
Халықаралық жазғы мектеп жұмысының бірінші күнгі секциясында мәдениетаралық диалог және инклюзия секторының бағдарламалық маманы Юан Маквэй-Джонс ЮНЕСКО-ның «We need to talk» мәдениетаралық құзыреттіліктерді дамыту жөніндегі жобасы туралы баяндама жасады. Халықаралық жазғы мектеп жұмысының үшінші күні қатысушылар «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында конференция жұмысын жалғастырды.
III Халықаралық Жазғы мектептің жұмысына Орталық Азия, Ресей, Әзербайжан, Франция, ҚХР елдерінің өкілдері - білім беруді жетілдіру бойынша инновациялық тәсілдер мен әдістемелер идеялары бар белгілі ғалымдар, педагог-практиктер қатысты. Халықаралық жазғы мектеп аймақтың педагогикалық қауымдастығы арасында үлкен резонанс тудырды және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

Артқа қайту