«ҰЛЫ Жібек жолы – диалог жолы» «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ДИАЛОГЫ» III Халықаралық балалар мен жасөспірімдер бастамаларының форумы
2023 жылдың 28 сәуірінде Алматыда, №5 мектеп-гимназиясында Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бастамасын қолдау мақсатында «Ұлы Жібек жолы – диалог жолы» «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ДИАЛОГЫ» атты III Халықаралық балалар мен жасөспірімдер бастамаларының форумы өтті.
Форумның мақсаты – Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдени мұрасын сақтау және арттыру, түрлі халықтар қауымдастығы өкілдері арасындағы өзара сыйластықты нығайту, шығармашылық әлеуетті дамыту.
Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы – ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, ал серіктестер – ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы, Алматы қалалық білім басқармасы, №5 мектеп-гимназия, №73 мектеп-гимназия, №105 мектеп-гимназия, О.Таңсықбаев атындағы өнер колледжі, N3 Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернет, Орталық Азия елдерінен, Ресейден ЮНЕСКО клубтары, «Ұлан» және «Дружные ребята» республикалық балалар газеттері.
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, халық жазушысы, түркітанушы, ақын Олжас Омарұлы Сүлейменов атап өткендей, ІІІ Халықаралық форум «татулық эстафетасын жастарға беруге» зор мүмкіндік болмақ. «Мәдениетті сақтап қалсақ, әлемді мәдениет сақтайды» – деген аты аңызға айналған ақынның бұл сөздері Форумға қатысушылар үшін негізгі айғақ.
Форумға «N5 мектеп-гимназия» КММ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Сүйіндікова Динара Фаузыевна, сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының жастар бағдарламаларының бас үйлестірушісі Татьяна Юрченко модераторлық етті.
Халықаралық форум «Жібек жолы» квестімен және барлық қатысушылардың би флешмобымен аяқталды, одан кейін «Юбилейный» супермаркетінің филиалы «Жигалма» ТОО қайырымдылық демеушілері тәтті сыйлықтар табыс етті.
Форумның қорытындысы бойынша ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ресми YouTube арнасында бейнеролик жарияланып (2-санат), қатысу сертификаттары жіберілді.

Артқа қайту