Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Жаңашыл-педагог Ыбырай Алтынсарин» зияткерлік ойыны
2021 жылдың 5 желтоқсанында онлайн форматта ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясының мүшесі «№5 мектеп–гимназия» КММ базасында ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастырудың орталығы (II санат), «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» аясында (2013-2022 жж.), «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Жаңашыл Педагог» Ыбырай Алтынсарин» атты Алматы қаласындағы мектептер арасында зиеткерлік ойыны болып өтті.
Шараның мақсаты : «Сапалы білім беру» «Білімді ұлт», «Ұлттық Рухани Жаңғыру», «Білім қоғамын»құру бойынша ұлттық жобаларды ЮНЕСКО-ның қолдауы. Мәдениетаралық диалогқа ықпал ету. Негізгі құндылықтарды нығайту. Рухани және адамгершілік құндылықтарды сақтау, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, Ы.Алтынсарин шығармашылығын қазақ халқының мәдени мұрасының көрінісі ретінде саналы қабылдауды қалыптастыру.
Қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы мен өмірбаяны туралы жақсы білімдерін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша достық жеңіп, қатысушыларға халықаралық сертификаттар табысталды.

Артқа қайту