Орталық Азия, Ресей, Әзірбайжан елдерінің педагогтарына арналған «Білім сапасы және мәдениеттерді жақындастыру» Халықаралық жазғы мектебі
2021 ж. 10-13 тамыз аралығында «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» (2013-2022 жж.) аясында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында, Орталықтың әзірлеген бағдарламасы бойынша Орталық Азия, Ресей, Әзірбайжан елдерінің педагогтарына арналған «Білім сапасы және мәдениеттерді жақындастыру» Халықаралық жазғы мектебі (бұдан ары ХЖМ ) ұйымдастырылды.
Іс-шараның мазмұны мәдениетті, ең алдымен білім – қазіргі әлемдегі басты ресурс ретінде анықтаудан туындайды. Сондықтан білімді жетілдіру және әртараптандыру осы мәдениеттердің тасымалдаушысы болып табылатын қоғамның тұрақты дамуы үшін қажет. Өз кезегінде мәдениеттердің жақындасуы өзара дамуды ынталандырады, ал дамып келе жатқан мәдениеттер сапалы түрде түрлі деңгейде жақындасуды жалғастырады және бұл қарқынды дамудың жаңа импульсі болып табылады. ХЖМ өткізудің негізгі мақсаты – ғалымдармен әріптестікте бола отырып педагогтердің құзыреттілігін дамыту және тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңын құру болып табылады. Мектеп аясында қатысушы педагогтарға ғалымдар арасында серіктестік бастамаларға мүмкіндік алу, ғылыми педагогикалық тәжірибемен алмасу үшін онлайн негізделген дәрістер семинарлар, тренингтер, воркшоптар шеберлік сыныптары сериясы өткізілді.
Халықаралық Жазғы мектептің ашылуында ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Сыдықов Айбек Жексеналыұлы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының басшысы - Мясоед Арина Сергеевна, сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының ғылым бөлімінің басшысы Толмачев Валерий Геннадьевич құттықтау сөз сөйледі. ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, модератор Исаева Нұржауар Сейлбекқызы Халықаралық Жазғы мектептің жұмысының тәртібі, мүмкіндіктері, шарттары туралы таныстырды.
ХЖМ келесі бағыттарда жүргізілді:
1. Кросс-тәртіптік синтез және кросс-мәдени диалог;
2. Білім беру жобалары мен әдістемелерінің конгломераты;
3. Үздік педагогикалық практика
ХЖМ қатысушы спикерлері ретінде танымал ғалымдар, педагогтер инновациялық тәсілдер идеялары бар педагогтар, білім беруді жетілдіру бойынша әдістемелермен, ХЖМ тақырыбына сәйкес өз пәндерін оқытуды дамытуға мүдделі педагогтар баяндамаларын жасады. Негізгі баяндамалар мен презентацияларды ұсынған спикерлер ХМЖО ғылым бөлімінің меңгерушісі В.Г.Толмачев (Қазақстан, Алматы), ХМЖО ЖҒҚ т.ғ.к,. В.А. Новоженов, ХМЖО ЖҒҚ (Қазақстан, Алматы), ХМЖО ЖҒҚ б.ғ.к. Н.С. Исаева, (Қазақстан, Алматы), Орталықтың АҒҚ И.В. Крупко, Профессор, А.Р. Нұрдубаева (Қазақстан, Алматы), профессор, ф.ғ.д. П.Д. Шозимов, (Тәжікстан, Душанбе), профессор, т.ғ.д. Ф.Т. Мамедов (Әзірбайжан, Баку), профессор, ф.ғ.д. Ф. И. Муминова (Өзбекстан, Ташкент),зерттеуші дінтанушы И.Ш. Асланова (Қырғызстан, Бішкек), О.М. Құрбанханов, М. Алифбекова (Тәжікстан, Душанбе), Н. Мамедова (Әзербайжан, Баку), профессор ф-м.ғ.д С.В Хрущев. (Ресей, Санкт-Петербург) және тағы басқалар.

Артқа қайту