«Ұлы Жібек жолы - диалог жолы» балалар мен жастар бастамаларының І Халықаралық форумы

conference

2021 ж. 16 наурызда «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» аясында (2013-2022 жж.) «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында ХМЖО базасында №5 мектеп–гимназиясы, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясының мүшелерімен серіктестікте «Ұлы Жібек жолы - диалог жолы» балалар мен жастар бастамаларының І Халықаралық форумы өтті.
Форумның төиенднгідей мақсат-міндеттерден тұарды:
- Ұлы Жібек жолының материалдық және материалдық емес мұрасын, оның өн бойында мәдениеттердің сан алуандығы мен өзара ықпалын танымал ету;
- Күш-жігерді өркениеттер тарихы және мәдениетаралық диалог пен мәдениеттер жақындастығының алғашқы ізашарлары қызметінің маңызды рөлі туралы хабардар болуды арттыруға жұмылдыруға шоғырландыру;
- Айырмашылықтар мен өзіндік ерекшеліктің түрлі факторларын, атап айтқанда, мәдени, тілдік, діни және біздің біртұтас адамзаттв тануға және құрметтеуге, барған сайын алуан түрлілігімен ерекшеленетін әлемде өмір сүру дағдыларын алуға жәрдемдесу;
- Мәдениетаралық мәселелер бойынша білімді нығайта отырып, білім беру сапасын арттыру. Басқаларды түсінуге мүмкіндік беретін білім мен құндылықтарды қалыптастыру;
- Тілдік әртүрлілік үшін жағдай жасау, өйткені бірнеше ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ мәдениеттер, өркениеттер мен дүниетанымдар арасында көпір құруға ықпал етеді.
Форумды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары – Сыдықов Айбек Жексеналыұлы ашты. Сондай-ақ, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясының вице-президенті Серкан Кеңесұлы Аязбаевтың атынан ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Айсұлу Аяпбергенова; ҚР ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептерінің ұлттық үйлестірушісі - Ким Леонид Леонидович сөз сөйледі. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының докторы, Әзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының тарих кафедрасының профессоры-Мамедов Фуад Тейюбоглы, Филология ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы Әлемдік экономика және дипломатия университетінің профессоры – Муминова Фатима Изатуллаевна, Алматы қаласы Әуезов ауданы РҚБ - Қойшыбаева Зоя Кашкинбаевна, Алматы қаласы №5 мектеп-гимназиясының директоры – Жұмабекова Сәуле Нұрбекқызы сөз сөйлеп өз пікірлерімен бөлісті.
Форумға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан командалары қатысты.
Қатысушылар мен қонақтардың назарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының қызметі туралы ХМЖО ғылыми қызметкері Виктор Юрьевич Задвицкийдің фильмі көрсетіліп, Қазақстан туралы қысқа метражды музыкалық ролик ұсынылды. Ұлы Жібек жолы - диалог жолы балалар мен Жастар бастамаларының I Халықаралық форумының соңында Жібек жолы кеңістігіндегі халықаралық жастардың өзара іс-қимылы тақырыбына қорытынды шығарылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.