Еуразия мәдениеттерін жақындастыру бойынша «Ортақ этостың қалыптасуы: саналы өзара тәуелділік дәуіріне аяқ басу» атты IV Жаһандық кеңес

conference
conference
conference
conference
conference
conference
conference

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесіп, Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық онжылдығы (2013-2022 жж.) аясында ЮНЕСКО-ның іс-жоспарын тиімді іске асыру мақсатында Еуразия мәдениеттерін жақындастыру бойынша «Ортақ этостың қалыптасуы: саналы өзара тәуелділік дәуіріне аяқ басу» атты IV Жаһандық кеңес өткізді.

Кеңестің мақсаты – адамзаттың бейбіт қатар өмір сүру проблемаларын шешу жолында жаңа дәлелдер ұсына отырып планетарлық сананы қалыптастыруға қолдау білдіру, сонымен қатар, бүгінгі және келешек ұрпаққа тиімді коммуникациялар мен ынтымақтастық үшін білім мен дағдыларды игеруге жол көрсетіп, оларды әлемнің жауапты азаматтары болуға тәрбиелеу.