«Адам, Жерге табын»: ғаламшарды сақтаудың негізі - жанданған экология» тақырыбында Еуразия мәдениетін жақындастырудың III Алматы халықаралық форумы

conference

2020 жылы  20 қазан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» (2013- 2022 жж.) аясында "Табиғат" экологиялық одағы, «Байтақ-Болашақ» экологиялық Альянсы, «Невада-Семей» Халықаралық Антиядролық қозғалысы және Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығымен бірлесе отырып» «Адам, Жерге табын»: ғаламшарды сақтаудың негізі - жанданған экология» тақырыбында Еуразия мәдениетін жақындастырудың III Алматы халықаралық форумын өткізді.
Форумның мақсаты – қазақстандық экологтардың, шетелдік экологиялық ұйымдардың орасан зор тәжірибесіне және БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сүйене отырып, өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғау мәдениетіне, таза ғаламшарды сақтау идеяларына, жер бетіндегі өмірдің қалыпты дамуы үшін салауатты экологиялық жағдайды сақтауға тәрбиелеу.
Форумды өткізу кезінде 3 сессия жұмысы жоспарлануда:
1. «Экология мәдениеті». Секция аясында жастарға экологиялық тәрбие беру, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қазіргі қоғамдағы экологиялық сана және экологиялық этика мәселелері қаралады;
2. «Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаның ластануы». Секция экологияның өзекті мәселелеріне, климаттың жаһандық өзгеруіне, қоршаған ортаның ластануына, соның ішінде антропогендік қызметтің әсерінен, экожүйелерді сауықтыру және биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселелеріне арналады. (секцияның үлгілік сипаттамасы: антропогендік қызметтің әсерінен флора мен фаунаны сақтау;
3. «Ғаламшарды экологиялық құтқаруда антиядролық қозғалыстың үлесі». Секцияда ғаламшарды экологиялық құтқаруда антиядролық қозғалыстың үлесі, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты бірқатар мәселелер: атом энергетикасы, экология, Семей полигонынан зардап шеккен аумақтарды оңалту және дамыту, экологиялық және медициналық оңалту, генетика және әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті бағдарламаларды талқылау көзделеді.
Форумға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры және елші Олжас Сүлейменов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов, Ломоносов атындағы ММУ Азия және Африка елдері институтының директоры Игорь Абылгазиев (Мәскеу), сондай-ақ ЮНЕСЕФ өкілі, ғылым және білім саласының қызметкерлері, бірқатар елдердің белгілі қоғам қайраткерлері және дипломаттар, оның ішінде Француз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Алексис Шахтахтинский қатысты. Коронавирустың таралуынан туындаған әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өткен жылдардағы форумдарға қарағанда бұл Форум шетелдік және басқа қалалардан келген қатысушылар үшін онлайн-форматта және Алматы қаласының қатысушылары үшін аралас түрде өткізілді.