«Қазақстанның жазба мәдениеті уақыт ағынында: жазу тарихы және жазба ескерткіштерді жаңғырту»

conference
conference
conference

2021 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған құжаттық, экспозициялық және кітап көрмелері циклінің салтанатты ашылуы өтті.

«Қазақстанның жазба мәдениеті уақыт ағынында: жазу тарихы және жазба ескерткіштерді жаңғырту» атты көрме Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының бастамасымен «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасы және ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Көрме Орталық Азия мен Қазақстан аумағындағы жазудың пайда болуы мен дамуына арналды.

Экспозицияда кітаптардың тарихи бастаулары — петроглифтер ұсынылды. Ең көне жазбаша коммуникация үлгілерінің бірі — Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы құпия белгілер. Сондай-ақ Қаңғюй ежелгі мемлекетінде жазба мәдениетінің таралуымен байланысты Күлтөбе қалашығынан табылған саз кірпіштердегі шешімі табылған мәтіндер де көрмеге қойылды. Ежелгі түркілердің руникалық жазуымен Ұлы дала өркениетінің мұрагері болған көптеген халықтардың ортақ тарихы тасқа қашалып жазылған. Экспозицияның бір бөлігі 2018–2020 жылдары жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу жобасы аясында зерттеліп, Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы ұсынған петроглифтер бейнелерінен құралды.

Көрменің ашылу рәсіміне ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Айбек Сыдықов және Орталықтың жетекші ғылыми қызметкері Виктор Новоженов қатысты.