Ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының 50 жылдығына арналған «Түркіславистиканың бастаулары» тақырыбында білім мәдениетін қолдауға арналған VII халықаралық конференция

2025 жылдың 27 мамырында Алматыда Нархоз университетінде ЮНЕСКО қамқорлығындағы  Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы Болат Өтемұратов қорымен, Нархоз университетімен, П.Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетімен (РУДН университеті) және т.б. серіктестермен бірлесіп Ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының 50 жылдығына арналған «Түркіславистиканың бастаулары» тақырыбында білім мәдениетін қолдауға арналған VII халықаралық конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты – Еуразия кеңістігіндегі оқырмандардың бірнеше буынының ұлттық және халықаралық өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына әсер еткен, жарты ғасыр бойы мәдениеттерді жақындастырып, олардың өзара тәуелді тарихын ашуға ықпал еткен «Аз и Я» кітабының тарихи рөлін ғылыми тұрғыдан түсіну.

Конференцияда «Аз и Я» кітабының жаңа басылымының, «Аз и Я» кітабының шығу тарихын ашатын 1970-1980 жылдардағы мұрағаттық құжаттар жинағының, кітаптың мерейтойына арналған «Простор» әдеби журналының 5-ші санының тұсаукесері және Публицистика саласы бойынша Олжас  Сүлейменов  атындағы Халықаралық сыйлықты салтанатты тапсыру.

Кітап Болат Өтемұратов атындағы қордың демеушілігінің арқасында қайта басылып шықты.

Конференцияда «Аз и Я» кітабында айтылған сол жылдардағы ғылыми-мәдени тәжірибе зерттеліп, талқыланды. 1960-70-80 жылдары зиялы қауымның белсенді жұмысының арқасында белсенді қоғамдық әрекет жағдайына көшу үшін ұлттық республикаларда халықтардың тарихи тәжірибесі ұғынылды. Бұл – әдебиет пен ұлттардың дүние жүзімен сұхбаттасудағы саналы өзара тәуелділік кезеңі.

Олжас Сүлейменов «Игорь полкі туралы жырдың» «күңгірт» жерлерін» поэтикалық тұрғыдан ашудан бастап, жаңа ғылыми пәнді - түркі славистикасын жасап, шумер сөздері мен иероглифтерінің түркі этимологиясын ашты, олардың шығу тегін зерттеуге мүмкіндік беретін жаңа әдістеме (белгі мен сөз археологиясын) және келесі жарты ғасырда - мыңдаған этимологияларда бастапқы поэтикалық түсініктерді жалғастыруға және «Xomo Sapiens» мәдени генезисі теориясының кең дәлелдемелік базасын әзірледі.

Ал осыдан жарты ғасыр бұрын «Аз и Я» кітабында жарияланған «1001 сөз» тарихи-лингвистикалық жобасы автордың ғылыми және әдеби еңбектерінде ғана емес, ЮНЕСКО-ның мәдениеттерді жақындастыру жаһандық жобасының негізі болды.

конференцияға ХХ ғасырда мәдениеттің не екенін және адамзаттың болашақтағы бағыттары туралы білімдерін жетілдіру  және қорытындылау мәселесі негізінде Олжас Сүлейменовтің атақты кітабын зерттеу үшін ғалымдар, әдебиетшілер, мәдениет және өнер қайраткерлерінің басын қосты.

 Конференция ЮНЕСКО-ның 2022-2029 жылдарға арналған Орта мерзімді Стратегиясын (41C/4), Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық онжылдығы, Байырғы тілдердің Халықаралық онжылдығы (2022-2032) және ЮНЕСКО-ның білім қоғамдарын құру жөніндегі идеяларын іс жүзінде практикалық іске асыру аясында өткізілді.