«Жеңіспен оралған есімдер» халықаралық конференциясы
28-29 сәуірде Алматыда «Жеңіспен оралған есімдер» атты халықаралық конференция өтті. «Ұлы Жеңіске 80 жыл – ерліктен егемендікке» ұранымен өткен шара Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Словения және басқа да елдердің тарихшылары мен ізденушілерін, зерттеушілері мен ұстаздарының басын қосты.
Конференцияның мақсаты – Ұлы Отан соғысының жеңімпаз жауынгерлерінің естелігін мәңгілікке қалдыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейту, майданда шайқасқан және тылда еңбек еткен барша кеңес адамдарына құрмет көрсету. Бұл Еуразия және Африка халықтары ассамблеясының тарихи жадыны сақтау, әділдікке ұмтылу және нацизмді жеңген барлық халықтардың ерліктерін есте сақтау аясында дәйекті түрде жүзеге асырып жатқан іс-шараларының жалғасы. Конференцияның өтетін орны символикалық: 1941 жылы Алматыда нацизмге қарсы күресте Кеңес Одағы халықтарының бірлігі мен ынтымақтастығының үлгісіне айналған аты аңызға айналған И.В.Панфилов атындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды.
Жұмыстың бірінші күні пленарлық отырыс пен әскери тұтқындар лагерлері мен мәжбүрлі ұстау орындарында фашистік геноцид мәселелеріне арналған тақырыптық алаң өтті. Екінші күннің тақырыптық бағыттары «Қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі»; «Ұлы Жеңістің батырлары мен қайраткерлері. М.Ғабдуллин - Ерлік және дәстүр жалғасы». Конференция жұмыс қорытындылары шығарылып, тарихи жадыны сақтау мәселелері бойынша одан әрі зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық бойынша ұсынымдар тұжырымдалған жалпы сессиямен аяқталды.
Конференция кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына байланысты 2024 жылғы 8 қазанда қабылданған ТМД мемлекет басшыларының Достастық елдері халықтары мен әлемдік қоғамдастыққа Үндеуін қолдау мақсатында өткізілді. Жаңа құжаттық деректерге, іздестіру жұмыстарына және Қазақстан аумағынан шақырылған Қызыл Армия жауынгерлері туралы тың мәліметтерге көп көңіл бөлінді.
Ұйымдастырушылар:
Еуразия және Африка халықтарының ассамблеясы;
Еуразия және Африка халықтары ассамблеясының тарихи жады жөніндегі кеңесі;
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы (Алматы);
Еуразиялық телерадио академиясы.
Серіктестер:
Қазақстанның Азаматтық альянсы;
Екінші дүниежүзілік соғыстың халықаралық зерттеу орталығы («Марибор» МИК, Словения Республикасы);
Горчаков атындағы қоғамдық дипломатияны қолдау қоры.
Өткізілетін орындар:
Hotel Plaza (Қожамқұлова к-сі, 215/120, Алматы қ., Қарасай батыр көшесінің қиылысында);
Артқа қайту