2024 жылы 3 желтоқсанда «Оқуға құштар ұлттың қайта жаңғыруы» тақырыбында білім мәдениетін қолдауға арналған VI Халықаралық конференция өтті

Конференцияны Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, Түрксой Жазушылар одағымен және М. О. Әуезов атындағы  әдебиет және өнер институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның негізгі мақсаты – диалог пен мәдени алмасу арқылы Еуразия кеңістігіндегі ұлттық әдебиеттердің даму факторларын жан-жақты зерделеу, сондай-ақ олардың ХХІ ғасырдағы оқу мәдениетін жаңғыртуға және осы жолдағы жаһандық кедергілерді еңсеру болды.

Конференция ХХ ғасырда маңызды әлеуметтік-мәдени құбылысқа айналған «ұлы оқырман» феноменін  талқылау және оқырман белсенділігін ынталандырудың инновациялық әдістерін іздеу мақсатында жазушылар мен ғалымдардың басын қосты.

Конференция модераторлары: ҚР ҰҒА академигі, профессор, ф.ғ.д. М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры К. С. Матыжанов,  доцент, ф.ғ.к. М. О. Әуезов атындағы  әдебиет және өнер институтының аналитика және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. С. В Ананьева., ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұ.Е.Есдәулет.

 Конференция жұмысын кіріспе баяндамасымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменов ашты.

КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯЛАРЫ:

I. Олжас Сүлейменов әлемінің рифмалары

ХХ ғасырдың екінші жартысының онжылдығында Қазақстанның ұлттық зиялылары арасында әдебиеттің озық үлгілерінің дамуын айқындаған тұлға - Олжас Сүлейменов.

Олжас Сүлейменов – ХХ ғасырдың екінші жартысында есімі әлемдік деңгейдегі қазақ әдебиетінің шынайы мазмұнымен толықтырылған, бірнеше оқырмандар буынын өсірген автор.

Олжас Сүлейменов – ғасыр авторы, түркі әлемінің мұрасын сақтаушы және адамзаттың интеллектуалдық өмірбаянын ашқан түркіславистика ғылымының негізін салушы.

2. Тарихи әдебиеттің  болашағы

Конференцияның екінші сессиясы - ХХ ғасырда халықтардың тарихи субъектілік пен ұлттық болмысты меңгеруіне шешуші әсер еткен ең маңызды жанр – тарихи әдебиетті түсінуге арналады.

3.  Оқуға құштар ұлтты жаңғырту факторлары

Конференцияның үшінші сессиясы -  ұлттық әдебиеттерді диалог арқылы дамыту және әлемдік мәдениеттердің жақындасу факторларын ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан түсінуге және осы үдерістердің оқитын ұлттың жаңғыруына әсері талқыланады.

Оның нәтижелері бойынша Қазақстанда және аймақта  кітап мәдениетін жаңғырту және дамыту бойынша бірқатар талдамалық бастамалар мен практикалық ұсыныстар әзірленді.