2024 жылдың 23 мамырында Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын-Емел» конференц-залында «Сандар археологиясы: Шумер және арифметиканың шығу тегі» тақырыбында Білім мәдениетін қолдауға арналған V Халықаралық ғылыми конференция өтті

Іс-шараны ұйымдастырған: Алматы қаласындағы ЮНЕСКО қамқорлығындағы  Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы (2-санат).

Конференцияның негізгі міндеті халықаралық ғылыми қоғамдастыққа сандар тарихын және олардың тарихи өзара тәуелділігін ашуға мүмкіндік беретін бейнелі жазбаша белгі – иероглиф пен оның атауын зерттеу болды.

Конференция TAN MEDIA Group, TAS Group және GILAN Holding қаржылық және ақпараттық қолдауымен және  ҚР ҒЖБМ  ҒК  философия саясаттану және дінтану институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына Орталық Азия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, ҚХР, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Израиль, Швеция елдерінің ғылыми қоғамдастығының жетекші өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломаттар қатысты.

Конференция үлкен қоғамдық резонанс тудырды және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Конференция қорытындысы бойынша ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне адамзаттың зияткерлік мұрасы ретінде сандар жүйесін енгізу туралы ұсынысты қамтитын қарар бекітілді.