Алматы қаласында белгілі қазақстандық шығыстанушы, ҚҰЖҒ академигі, т.ғ. д., Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жылдығына орай «Қ. Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
К. Ш. Хафизованың еңбектері аясында Орталық Азия мен көршілес аймақтардағы халықаралық қатынастар, оның ішінде тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық, этносаралық және басқа да мәселелер бойынша білім алмасу; К. Ш. Хафизованың жемісті ғылыми қызметіне құрмет көрсету, оның қазақстандық қытайтануға, Еуразияның жоғарыда аталған бөлігіндегі (Орталық Азия және көршілес аймақтар) Қазақстан-Қытай және жан-жақты қатынастарды зерттеуге қосқан үлесін талдай отырып, мәдениетаралық диалог пен ғылыми өзара әрекеттесу негізінде макро - аймақ мәдениеттерін жақындастырудың ықтимал болашағы мен жолдарын анықтау. Конференцияны Мәдениеттерді жақындастыру орталығы ҚР Орталық мемлекеттік архивімен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, ҚХР, Жапония ғылыми қоғамдастығының жетекші өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломаттар қатысты. Конференция аясында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде сақталған К. Ш. Хафизованың жеке архивінің тұсаукесері өтті.
Конференцияның модераторы «Бір белдеу және бір жол» сараптамалық клубының басқарма төрағасы, профессор, т. ғ. д., Қазақстан-Неміс университетінің халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры Б. К. Сұлтанов болды.
Пленарлық отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сөзімен және құттықтауымен ашылды, оны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев оқып берді, сонымен қатар ол «Барыс» төсбелгісі мен Алғыс хатын табыс етті.
Конференцияның құрметті спикерлері ретінде: Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры, т. ғ. д., С. К. Шілдебай, Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры О. О. Сүлейменов, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым; Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры А. Х. Мұстафин, Ланьчжоу университеті Орталық Азия институтының директоры Ян Шу (Ланьчжоу қ.), Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясының Қытай шекаралас ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ма Дажчэн (Пекин қ.), Орталық Азиядағы «Жэньминь жибао» газетінің бірінші тілшісі Инь Шугуан (Пекин қ.) Әбу Райхан Беруни атындағы Орталық Азия Шығыстану институтының тарих бөлімінің меңгерушісі. Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының, профессоры, т.ғ.д., А.К. Ходжаев (Ташкент қ.), ҚР ҒЖБМ ҒК Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұйғыртану орталығының директоры. Р.У. Кәрімова, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, с. ғ. к., Рақышева Б. И. (Астана қ.), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ Алматы қ. өкілдігінің директоры А. К.Назарбетова т.б. құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияда РҒА Шығыстану институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, профессор, т. ғ. д., В. Ц. Головачев (Мәскеу қ.), Шет тілдері мемлекеттік университетінің Азия және Африка тілдері және мәдениеті институтының профессоры Джин Нода (Токио қ.), Академик, ҚазҰЖҒА вице-президенті, профессор, т.ғ.д. Е. С. Омаров; ММУ ИСАА М. В. Ломоносов атындағы Орталық Азия және Кавказ елдері кафедрасының меңгерушісі, профессор, т.ғ.д. Ж.С. Сыздықова (Мәскеу қ.), Ланьчжоу университеті Орталық Азияны зерттеу институтының, саясаттану және халықаралық қатынастар институтының доценті Чжан Юйянь (Ланьчжоу қ.), Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің жеке тарихи-құжаттық жинақтары мен архив жұмыстары жөніндегі бөлімнің архивисі Е. Н. Жүнісова., Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының әлемдік әдебиет қызметінің бастығы С. Т. Тұяқова, Тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры, Мәдениеттерді жақындастыру орталығының жетекші ғылыми қызметкері. Л.Ғ. Ерекешева (Алматы қ.) тарих ғылымдарының докторы, профессор, Х. А. Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің археология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері М. Б. Қожа (Түркістан), «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының талдаушы-әдіскері, антропология және этнология магистрі Қ. С. Есимова ( Астана қ.) Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ғылыми хатшысы Л.К.Байпакова (Алматы қ.) тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері К.В. Черепанов. (Алматы қ.) Философия ғылымдарының докторы, доцент С. П. Королев атындағы Самара Ұлттық зерттеу университетінің профессоры. Л. Б. Четырова (Самара қ), Ресей Ғылым академиясының Қиыр Шығыс институтының ғылыми қызметкері Б.Я. Надточенко (ИКСА РҒА) (Мәскеу) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Д. К. Сайкенева және т. б. қатысып баяндамалар жасады.
Конференцияда Клара Шайсұлтанқызының Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде сақтаулы тұрған жеке мұрағатының тұсаукесері өтті.
Конференция бірлескен естелік суретке түсумен аяқталды.
Артқа қайту