Алматы қаласындағы № 5 мектеп-гимназиясында «Алматы қаласының білім беру ұйымдарында «Жас медиа-тренерлер мектебі» жобасын іске асыру шеңберінде БАҚ және ақпараттық сауаттылықты оқытудағы жаңа тәсілдер» атты Халықаралық семинар-тренинг өтті

Шараны Алматы қалалық білім басқармасы, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы, №5 мектеп-гимназия ұйымдастырса, серіктестері Қырғыз Республикасының білім беру орталығы («Баластан» онлайн -форматта)  және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесі болды.

Семинардың мақсаты – мектеп оқушыларының, мұғалімдердің және ата-аналардың медиабілім беру саласында ЮНЕСКО анықтаған Медиа және ақпараттық сауаттылықты оқытудың жаңа тәсілдерін ұсыну. Жалпы, бұл жоба медиа және ақпараттық сауаттылықты оқытудағы инновациялық тәсілдер бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, жасанды интеллектпен жұмыс істеу және медиа кеңістігіндегі фейктермен, жалған ақпараттармен және манипуляциялармен жұмыс істеуде сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға арналған.

Семинардың кеңесшісі медиа сауаттылық бойынша сарапшы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Асанбаева болды.

№5 мектеп-гимназиясының директоры – Жұмабекова Сәуле Нұрбекқызы, Алматыдағы ЮНЕСКО Аймақтық  өкілдігінің байланыс және ақпарат мәселелері жөніндегі маманы – Сергей Карпов құттықтау сөз сөйледі.

«Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Роза Ғазизжанқызы Ақмағамбетова Алматы мектептерінде бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық сауаттылықты дамыту мәселелеріне тоқталды. ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Игорь Владимирович Крупко Халықаралық семинар-тренинг қатысушыларына бір фейк оқиғасын мысалға ала отырып, білім мәдениеті үшін медиа сауаттылықтың маңыздылығын түсіндірді.

«Алматы қаласының білім беру ұйымдарында «Жас медиа-тренерлер мектебі» жобасын іске асыру аясында медиа және ақпараттық сауаттылықты оқытудағы жаңа тәсілдер» халықаралық семинар-тренингі Рустам Гулов жүргізген жасанды интеллект сауаттылығы бойынша қатысушылармен интерактивті сессиямен аяқталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.