«Мәдениетаралық диалог білім сапасын арттырудың мотиваторы ретінде» халықаралық әдістемелік семинар

2024 жылдың 30 қаңтарында Республикалық Достық үйінде ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді  жақындастыру орталығы (2-санат), Алматы қаласы Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы Білім және ғылым әдістемелік орталығы, Білім және ғылым министрлігінің жаңа технологиялары басқармасының және Алматы қаласы Бостандық аудандық білім бөлімі және «№73 мектеп-гимназия»КММ ұйымдастыруымен «Мәдениетаралық диалог білім сапасын арттырудың мотиваторы ретінде» халықаралық әдістемелік семинары өтті.

 Семинардың мақсаты: №73 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымының ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді  жақындастыру орталығымен табысты ынтымақтастығы негізінде тұрақты даму идеяларын насихаттау және білім сапасын арттыру.

Семинардың мақсаттары:

- білім сапасын арттырудағы мәдениетаралық диалог тәжірибесін талқылау

- білім сапасын арттыруда жаңа тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу

Қатысушылар: «Алматы мектептері» бағдарламасы бойынша оқытудың 2-ші легі мектеп директорлары.

Семинарды «Жас тренерлер мектебі» жобасының тренері Юрченко Татьяна Владимировна жүргізді.

Қатысушыларға «№73 мектеп-гимназия» КММ директоры - Бокишева Гаухар Маутханқызы, ЮНЕСКО қамқорлығындағы халықаралық  мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары-Ашимова Салтанат Әлияқпарқызы, Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы-Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының әдіскері  құттықтау сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар, соның ішінде Эстония мен Қырғызстанның өкілдері онлайн режимінде өз баяндамаларын жасады.

Семинар соңында қатысушылармен рефлексия жүргізіліп, қорытынды шығарылды. «Мәдениетаралық диалог» бағдарламасын және «Алматы мектептері» бағдарламасын жүзеге асырудағы болашақтағы ынтымақтастық үшін,  Осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді.