Орталық Азия, Ресей, Әзірбайжан елдерінің педагогтеріне арналған «Білім сапасы арқылы мәдениеттерді жақындастыру» Білім берудегі мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту» I Халықаралық Жазғы мектебі
Алматы қаласында 2022 жылы 10- 12 тамыз күндері аралығында Орталық Азия, Ресей, Әзірбайжан елдерінің педагогтеріне арналған «Білім сапасы арқылы мәдениеттерді жақындастыру» Білім берудегі мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту» атты 3 күнге жоспарланған II Халықаралық Жазғы мектебінің салтанатты ашылу рәсімі болды. Жоғары маңызға ие халықаралық шараның салтанатты ашылуында ЮНЕСКО-ның Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының директоры Анжело Мело ханым, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы директорының міндетін атқарушы Магнус Магнуссон мырза, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей қорығы директорының орынбасары Шарипов Ринат қатысты.
Айтулы шарада Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы директорының міндетін атқарушы Магнус Магнуссон мырза конференция қатысушыларына өзінің құттықтауын жолдай отырып: - ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының атынан бүгінгі маңызды шараға Орталық Азия, Ресей және Әзірбайжан т.б. елдердің қатысушыларына алғысымды білдіремін. Мәдениет білім беру процесінің мазмұнын, жұмыс модельдері мен контекстін анықтайды, өйткені ол біздің идеяларымызды, ойлау және әрекет ету тәсілдерін, нанымдарымызды және тіпті сезімдерімізді қалыптастырады. Алайда, білім мәдениеттің өмір сүруі үшін де өте маңызды. Ұжымдық және тарихи құбылыс ретінде мәдениет білім беру арқылы үздіксіз берілмей және байытылмай өмір сүре алмайды және барлық ұлттық білім беру жүйелері осы тапсырманы орындауға тырысады, - деп атап өтті. Мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту және жаһандық азаматтықты қалыптастыру үшін қолжетімді және қызықты ресурстарды ұсына отырып, ЮНЕСКО жанжалдарды еңсеру, бейбітшілікті қолдау және инклюзивті дамуға жәрдемдесу құралы ретінде өзара түсіністікті нығайту үшін жеке және институционалдық әлеуетті дамытуға ұмтылады. Біздің ұйым сондай-ақ бүкіл әлем бойынша мәдениетаралық құзыреттілік бойынша беделді институттардың берік желісін құрады. Осындай институттардың бірі Алматыда ЮНЕСКО қамқорлығымен жұмыс істейтін Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы болып табылады, - деп атап өтіп, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының маңыздылығына баса назар аударды.
«Білім сапасы арқылы мәдениеттерді жақындастыру» Білім берудегі мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту» атты II Халықаралық Жазғы мектебінің басты мақсаты: Орталық Азиядағы, Ресейдегі, Әзірбайжандағы ғалымдармен серіктесе отырып, педагогтардың құзіреттілігін арттыру мақсатында тәжірибемен алмасу үшін диалогтық алаң құру болып табылады. Шара барасында ғалымдар, педагогтар, спикерлер өзара тәжірибе алмасып II Халықаралық Жазғы мектебінің аясында мәдениетаралық құзіреттіліктерін жетілдірді.
Халықаралық іс-шараға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, ҚХР т.б. елдердің ғалымдары, педагогтары, профессорлар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның үшінші күні арнайы қатысушылар үшін «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей қорығындағы тарихи кешенді тамашалумен жалғасты.








Артқа қайту