А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған«ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҺӘМ АЛАШТЫҢ АХМЕТІ» атты халықаралық конференция
2022 жылдың 8 сәуірі күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің қолдауымен «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі, ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесе ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым-лингвист, ақын, аудармашы А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҺӘМ АЛАШТЫҢ АХМЕТІ» атты халықаралық конференция болып өтті.
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізілген. Халықаралық конференция ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы, ҚР Ұлттық кітапханасы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл Білімі Институтының қатысуымен БҰҰ-ның Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық онжылдығы бағадарламасының аясында (2013-2022 гг.) ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ғылыми идеяларын зерделеу. Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері әлемге кеңінен танымал. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі бола отырып, ол халқымыздың бейбіт және гүлденген өмірі үшін аянбай еңбек етті. Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпаққа білім мен сауаттылыққа жол ашып, елімізді алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан көру мақсатын қойды.
Конференцияға әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласының соның ішінде тілтану және тарих саласының жетекші мамандары, зерттеуші ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, халықарарық ұйымдардың, білім беру, зерттеу ұйымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері, оқытушылар, докторанттар, отандық және шетелдік ЖОО студенттері қатысты






Артқа қайту