«Сөз археологиясы: тілдер, жазба ескерткіштер және тарих» тақырыбында білім мәдениетін қолдау бойынша I Халықаралық Алматы конференциясы
2020 жылы 10 қыркүйекте ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» (2013-2022 жж.) аясында ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесе отырып, Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай «Сөз археологиясы: тілдер, жазба ескерткіштер және тарих» тақырыбында білім мәдениетін қолдау бойынша I Халықаралық Алматы конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты – тіл білімінде бар тұжырымдамалық негіздерді, эмпирикалық материалды және лингвистикалық гипотезаларды пайымдау және осы саладағы жетекші мамандарды диалогқа шақыру, заманауи зерттеушілер үшін мәдениеттерді жақындастыруға ықпал ете отырып, «білім этимологиясы» бола алатын және Homo Sapiens – ойшыл адамның тарихын қайта құруға мүмкіндік беретін «сөз археологиясын» әзірлеу болды.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Франция, Өзбекстан, Испания, Украина және Түркиядан 50-ден астам ғалым қатысты.
Бұл конференцияның тақырыбы ұлттық және халықаралық контекст үшін өте маңызды.
Коронавирустың таралуынан туындаған әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Конференция шетелдік және басқа қалалардан келген қатысушылар үшін онлайн-форматта және Алматы қаласының қатысушылары үшін аралас түрде өткізілді.





Артқа қайту