Сарыбай би Айдосұлының 200 жылдығына арналған "Жамбылдың ұстазы Ер Сарыбай би Айдосұлы" республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы

2021 жылғы 5 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО қамқорлығындағы  Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығымен бірлесіп Сарыбай би Айдосұлының 200 жылдығына арналған "Жамбылдың ұстазы  Ер Сарыбай би Айдосұлы " тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты Сарыбай Айдосұлының (1821-1890) тарихи рөлін, сондай-ақ Жетісудың XIX ғасырдағы басқа да тарихи тұлғаларының қызметін зерттеу болды. Конференцияда ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Айбек Сыдықов  сөз сөйлеп, орталықтың бас ғылыми қызметкері  Нағашыбек Қапалбекұлы  өз баяндамасын жасады .