ҚР ҰҒА академигі белгілі ғалым К.М. Байпақовтың 80 жылдығына арналған "Ұлы Жібек Жолындағы мәдениет пен дін" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

img
img
img
img
img

2020 жылдың 12 қарашасында Алматы қаласында ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру  орталығы көрнекті ғалым, археолог, ҚР ҰҒА академигі Карл Молдахметұлы Байпақовтың 80 жылдығына арналған "Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен дін" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
 
Қазіргі әлемдегі геосаяси процестерді түсіну діндер тарихы мен Мәдениетаралық, конфессияаралық диалогты зерттеусіз мүмкін емес. Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы жетекші әлемдік діндер мен мәдениеттердің толерантты өзара қарым-қатынасының үлгісі болып келді. Бұл үдерістің жандануы-біздің заманымыздың маңызды міндеті.
 
Конференцияға көрнекті отандық және шетелдік ғалымдар: тарихшылар, археологтар және дінтанушылар қатысты.