Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбылдың поэтикалық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері" атты халықаралық онлайн конференция
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Рухани жаңғыру " бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастыру және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда жарияланған"Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласын іске асыру мақсатында .ел тарихын, ұлттық мәдениетті, құндылықтарды сақтау және оларды дәріптеу" ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы " "МИРАС" Рухани жаңғыру академиясы "Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы" орталығының қоғамдық ұйымы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті ХХ ғасырдың Гомері деп аталатын қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған "Жамбылдың поэтикалық мұрасы және ЖАМБЫЛТАНУДЫҢ өзекті мәселелері" атты халықаралық онлайн конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияға республиканың және шетелдің жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, орта білім беру педагогтері, жас ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен мәдениетті дамыту орталықтарының қызметкерлері, ақындар мен суретшілер, Қазақстан Республикасының тарихи-өлкетану музейлерінің өкілдері қатысты.
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Омарұлы Сүлейменовтың құттықтау сөзін директордың орынбасары Сыдықов Айбек Жексеналыұлы жеткізді. Орталықтың бас ғылыми қызметкері, жазушы, белгілі жамбылтанушы, зерттеуші Нағашыбек Қапалбекұлы ақын Жамбыл туралы толлыққанды мәліметғ деректермен бөлісті
Артқа қайту