Ақын, қазақ әдебиетінің классигі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл Жабаев мұрасының қазіргі әдебиеттанудағы орны мен маңызы" атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференция
24 ақпан 2021 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қазақ әдебиеті классигінің Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Қазіргі әдебиеттанудағы Жамбыл Жабаев мұрасының орны мен маңызы" атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-конференциясы өтті.
Іс-шараны ҚазҰУ филология факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО қамқорлығығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Онлайн конференцияның мақсаты қазақ даласының ұлы ақыны Ж.Жабаевтың шығармашылығын әлемдік әдебиет контексінде қарастыру және оның шығармаларын қазіргі әдебиеттану жетістіктері тұрғысынан пайымдау болды. Конференция аясында жамбылтануды оқытудың инновациялық әдістеріне ерекше назар аударылды.
Конференцияға ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері-Нағашыбек Қапалбекұлы; ҚазҰУ жанындағы әл-Фараби - Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры. , Филология ғылымдарының докторы, профессор-Жанғара Дадебаев; филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Темірхан Тебегенов және басқа да белгілі ғылым және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ алыс және жақын шетел ғалымдары: Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және отандық әдебиеттанушылар, зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындары мен мектептердің оқытушылары, студенттер, магистранттар, докторанттар және БАҚ өкілдері қатысты.
Артқа қайту