Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Танып – біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениеттерді жақындастыру» атты халықаралық ғылыми конференция
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» (2013-2022 жж.) аясында Алматы қаласының Әкімдігімен бірлесе отырып Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай «Танып – біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениеттерді жақындастыру» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.Конференцияның мақсаты Олжас Сүлейменовтың өміріндегі әдеби, ғылыми және қоғамдық-саяси идеялар мен құндылықтарды түсіну және зерттеу болып табылады. Бұл іс-шара Қазақстанның ұлы ақыны, ойшылының мерейтойын ғылыми және мәдени ағартушылық негізде біріктіре отырып, ұлттық және халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтуге мүмкіндік береді.
Артқа қайту