Баспасөз дәйектемесі
14 қараша 2024 жылы Алматыда «Мәдениеттердің бастаулары: ежелгі ұлы көші - қондардан - адамзаттың болашаққа бағыттарына дейін» атты Еуразия мәдениеттерін жақындастырудың VI Халықаралық форумы өтеді.
Форум ЮНЕСКО-ның 2022-2029 жылдарға арналған Орта мерзімді Стратегиясы (41 С/4, Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық онжылдығы, (2022-2032 жж) Байырғы тілдердің Халықаралық онжылдығы және ЮНЕСКО білім қоғамдарын құру жөніндегі идеяларын іс жүзінде практикалық іске асыру аясында өткізіледі.
Форумның мақсаты - мәдениеттердің пайда болуын түсіну, олардың жақындасу тарихын, алшақтық себептері мен диалог шарттарын - өткен Ұлы көші-қондардан адамзаттың болашаққа бағыттарына дейін зерттеу және талқылау.
Форум аясында 60 жыл бойы халықтар ертеде өткен жолдарға қасиетті белгілерді жазып қалдырған ең алғашқы жазбалардың шығу тегі мен адамзат ой-пікірінің тарихын зерттеп келе жатқан Олжас Сүлейменовтің мәдени генезистік теориясының негізгі ережелері таныстырылады.
Форумға қатысушылар әлемдік мәдениеттердің пайда болуы мен жақындасуының тарихи факторларын, олардың қазіргі кездегі алшақтықтарының себептерін және білім мен саналы өзара тәуелділік арқылы қақтығыстарды еңсерудің мүмкін жолдарын талқылайтын болады.
Мәдениеттерді жақындастыру орталығы ұйымдастырып отырған іс-шара ЮНЕСКО ның бағдарламалық мақсаттарына сәйкес келеді, атап айтқанда, диалог мақсатында бірлескен тарих пен жадты насихаттау, білімге қол жетімділікті кеңейту, өзара түсіністік пен мәдениетаралық диалогты ынталандырудың жаңа бағыттарын іздеуді жүзеге асыру. Бұл жерде ежелгі белгілер мен тілдік жүйелерді тарихи-лингвистикалық зерттеу маңызды рөл атқарады.
ЮНЕСКО ның 2022-2029 жылдарға арналған Орта мерзімді стратегиясында даму саласындағы шығармашылық және неғұрлым тиімді шешімдерді әзірлеуде ғылыми орталықтар, ЮНЕСКО қамқорлығындағы нысандар, білім беруге және әлеуметтік интеграцияға ықпал ететін мәдениет мекемелері мен музейлер сияқты бейресми білім беру алаңдарының рөліне маңызды мән берілетіні атап өтілді. ЮНЕСКО білімге негізделген инклюзивті, әділ және бейбіт қоғамдарды құруда бүкіл әлемде жетекші рөлді одан әрі белсенді орындауды жалғастырады. Осыны ескере отырып, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы осы мәселелерді талқылау үшін оңтайлы алаң болып табылады.
Форумда үш секцияның жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда. «Hомо Sаpiens бірінші таңбасындағы мәдени мұра» бірінші сессиясында Homo Sapiens мәдениеттерінің шығу тегі және оларды 1001 сөз жобасы арқылы зерттеу туралы болады. Ол таңба мен сөз археологиясына негізделген – сөздердің этимологиясы мен мәдени құбылыстарды бейнелі жазба таңбаның шығу тегімен байланыстыра зерттеу.
«Жібек жолдары» екінші секциясы ЮНЕСКО да Қазақстанның бастамасымен (2008 ж.) Халықтардың ұлы көші-қоны мен Ұлы Жібек жолының тарихи байланысына арналған «Халықтардың ұлы көші-қоны» жаһандық жобасын өзектендіру аясында өткізілетін болады.
«Саналы өзара тәуелділік дәуіріне» атты үшінші секция адамзаттың болашаққа барар жолының формуласын философиялық және тарихи тұрғыдан түсінуге арналады. Сессияда Халықтар мен мәдениеттердің өзара тәуелділігін түсінуге ықпал ететін және оған кедергі келтіретін факторлар зерттеліп, талқыланады.
Ұйымдастыру комитеті форумға қатысуға философия, тарих, археология, тіл білімі, мәдени антропология, әдебиеттану, әлеуметтану және адамзаттың ой-өрісін қалыптастыратын және айтарлықтай дәрежеде анықтайтын басқа да сабақтас гуманитарлық пәндер саласындағы мамандарды шақырады.
Форумның өтетін күні: 14 қараша, 2024 жыл сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін
Өтетін орны: Алматы қ.
Байланыс телефондары: 8747 132 44 75 Игорь Крупко
БАҚ үшін 8701 758 21 61 Тлеужан Есильбав
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Артқа қайту