БАСПАСӨЗ ДӘЙЕКТЕМЕСІ
«БІЛІМ САПАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТЕРДІ ЖАҚЫНДАСТЫРУ:
БІЛІМ ҚОҒАМДАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ» атты
Евразия елдерінің ЖОО педагогтарына арналған
III Халықаралық Жазғы мектебінің
Алматыда 2024 жылғы 10-12 қыркүйек аралығында ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов жетекшілік ететін ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы Еуразия елдерінің педагогтары үшін «Білім сапасы және мәдениеттерді жақындастыру: білім қоғамдарын дамыту теориясы мен практикасы» атты ІІІ Халықаралық жазғы мектебін өткізеді.
Жаһандану жағдайында кез-келген мемлекеттің ілгерілеуі жаңа ұрпаққа байланысты, сондықтан мемлекеттің білім беру үшін қоятын шарттарының бірі – мәдениеттерді жақындастыруға бағытталған мәдениетаралық диалогтың дағдылары мен білімін меңгерген тұлғаны қалыптастыру.
Еуразия педагогтарына арналған Халықаралық Жазғы мектепті (ХЖМ) өткізу арқылы Орталық ғалым және/немесе жаңашыл педагогпен әртүрлі білім деңгейлеріндегі педагогтармен мәдениеттерінің өзара іс-қимылын қалыптастырады, осылайша тиімді коммуникациялар білім алмасу және мәдениеттерді жақындастыру жөніндегі диалогтық платформаны дамыту арқылы тиімді ынтымақтастық құруға және білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
ХЖМ шеңберінде бірқатар интерактивті дәрістер, шеберлік-сыныптар, воркшоптар\тренингтер, спикерлер мен қатысушылар арасында тәжірибе алмасу өткізіледі, педагогтар мен ғалымдар арасындағы әріптестік бастамаларға қолдау көрсетіледі. Спикерлер ретінде ЮНЕСКО-ның Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының сарапшылары, білім беруді дамытуға мүдделі жетекші халықаралық (Франция, Тәжікстан, Қырғызстан) және отандық ғалымдар мен педагогтар сөз сөйлейді.
Сессиялар аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді. Спикерлердің сөйлеген сөздері спикер мен тыңдаушылар арасында өзара іс-қимыл жасау мақсатында оқытудың интерактивті технологияларын пайдалана отырып өткізілетін болады. Осылайша, мектеп қатысушылары бірлескен шешімдерді іздеудің белсенді процесіне қатысады. Нәтижесінде олар білім беру процесін байытатын инновациялық әдістер мен тәсілдердің практикалық дағдылары мен құралдарын алады.
Өтетін күні: 2024 жылғы 10-11 қыркүйек (1, 2 күн)
Өтетін уақыты: 10.00-18.00
Өтетін орны: Алматы қ., Республикалық Достық үйі. Құрманғазы көшесі, 40 (Төлебаев көшесінің қиылысы)
3- күн – ДАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
Өтетін күні: 2024 жылғы 12 қыркүйек
Өтетін уақыты: 09.00-16.00
Өтетін орны: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі
Алматы қаласынан 55 шақырым
Онлайн-қосылу үшін Zoom сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/85932183320?pwd=1nLelhTzPG79Lj46yLx6N1nUxfRNhL.1
Идентификатор: 859 3218 3320, кіру коды: Culture
Байланыс үшін:
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы эл. пошта: info.crc-kz@mail.ru , жұм.телефоны: +7 727 261 38 21, 8 771 444 37 80
Ұйымдастыру комитеті

Артқа қайту