БАСПАСӨЗ ДӘЙЕКТЕМЕСІ
23 мамыр 2024 жылы Алматыда «Сандар археологиясы: Шумер және арифметиканың бастаулары» тақырыбында білім мәдениетін қолдауға арналған Бесінші халықаралық ғылыми конференция өтеді. Оның қорытындысы бойынша Дүниежүзілік Мәдени мұра тізіміне енгізу үшін адамзаттың зияткерлік мұрасы ретінде сандар ұсынылатын болады.
Іс-шараның ұйымдастырушысы - ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың жетекшілігіндегі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы (ХМЖО).
Орталықтың осы ғылыми-зерттеу жобасын қолдаған ғылыми және ақпараттық серіктестері: ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты, Еуразия халықтары Ассамблеясы.
Конференцияны ұйымдастырудағы орталықтың серіктестері: Tan Media Group, Tas Group, Gilan Holding.
Конференцияның мақсаты – халықаралық ғылыми қоғамдастыққа сандар тарихын және олардың тарихи өзара тәуелділігін ашуға мүмкіндік беретін бейнелі жазбаша белгі-иероглифті және оның атауын зерттеу. Конференция алғашқы жазбалардың шығу тегін түсінуге, сондай-ақ сонау ертеде халықтар жүріп өткен жолдарға қасиетті белгілерді қалдырған адамзат ойының тарихын ашуға көмектеседі. Жазбаша белгінің археологиясы шығу тегі мен мағынасын түсіндіруге тура келетін үнсіз артефактілер емес, адамзаттың интеллектуалды тарихының бастапқы тарауларының жолдары мен беттері осы жаңалықтарды ашуға мүмкіндік береді.
Конференция аясында ұйымдастырушылар мәдени мұраның шекараларын кеңейтуді, оған халықтар жасаған белгілер мен білім жүйелерін, мәдениеттердің өзара тәуелділігі мен жақындасуының тарихи дәлелдерін қамтитындай талқылауды ұсынады.
«Сандар археологиясы: Шумер және арифметиканың бастаулары» конференциясын ұйымдастыра отырып, Мәдениеттерді жақындастыру орталығы диалог және білімге қолжетімділікті кеңейту, өзара түсіністік пен мәдениетаралық диалогты ілгерілетудің жаңа бағыттарын іздеу мақсатында бірлескен ортақ тарих пен жадты танымал етуде ЮНЕСКО-ның бағдарламалық мақсаттарын ұстанады. Бұл жерде ежелгі белгілер мен тілдік жүйелерді тарихи-лингвистикалық зерттеу маңызды рөл атқарады.
Конференцияның өтетін орыны: «Қазақстан» қонақ үйі, «Алтын-Емел» конференц-залы, Алматы қ., Достық даңғылы, 52.
Өтетін күні мен уақыты: 23 мамыр, 2024 жылы, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (Алматы уақыты).
Байланыс телефондары:
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы:
info.crc-kz@mail.ru +7 727 261 20 09
Крупко Игорь: tengri95hismatulin@mail.ru, тел: +7 747 132 44 75
Ұйымдастыру комитеті

Артқа қайту