Азия және Африка жазушыларының v конференциясының 50 жылдығына арналған халықаралық мәдени-ағарту конференциясы
Іс-шараның бастамашысы – ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқарып отырған ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы. Конференция Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматыда (1973 ж.) өткен Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясына 50 жыл толды. Бұл республика деңгейіндегі маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар оның әлемдік мәдени процестердегі белсенділігін айқын көрсетті. Конференция қазақстандық зиялы қауым үшін халықаралық қоғамдастықпен қарым-қатынас орнатуда зор маңызға ие болды.
Қазақстанның зиялы қауымның едәуір бөлігі 1960-1980 жылдары Азия мен Африка елдерінің кеңестік ынтымақтастық комитетінің іс-шараларының ықпалына ұшырады, оның басшылығында ұзақ уақыт бойы республикамыздың жазушылары болды. Мерейтойлық конференция Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясының тарихи-мәдени маңыздылығын өзектендіруге арналады. Онда көтерілген мәселелер, оның ішінде тек қазақ жазушылары ғана емес, бүкіл қоғамымыздың өзіндік сана-сезімін арттыруда маңызды рөл атқарған республика зиялыларының көрнекті өкілдерінің әлі күнге дейін есінде. Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясы туралы ақпаратты өскелең ұрпаққа жеткізу, өз еліне және оның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін оятуға мүмкіндік береді. Бұл ірі халықаралық конференцияда Қазақстан ұсынған және қолдаған халықаралық бастамалар тұрғысындағы идеялық және мәдени мұрасы, қазіргі заманғы жаһандық мәселелер туралы айтылады.
Конференцияның өтетін уақыты: 14 қараша 2023 жыл, 14.00-17.00 (Алматы уақыты).
Өтетін орыны: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы,
Мекен-жайы: Алматы, Абай даңғылы, 14
Zoom платформасына онлайн қосылу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/88014756456?pwd=OUxoZTllTy90dTBTSjd1UW91N
WJudz09
Конференция идентификаторы: 880 1475 6456
Кіру коды: Knowledge
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы атынан қатысып, сөз сөйлейтін:
Игорь Крупко –философия докторы (PhD), Мәдениеттерді жақындастыру орталығы көрмелер мен конференциялар бөлімінің жеткшісі;
Валерий Толмачев – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ғылым бөлімінің жетекшісі
Олжас Сүлейменов - Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры
Ұйымдастыру комитеті

Артқа қайту