«Ұлы Жібек жолы – диалог жолы» атты балалар мен жастар бастамаларының «Ұлы Жібек Жолындағы Бейбітшілік Диалогы» ІІІ Халықаралық форумы
2023 жылдың 28 сәуірі күні сағат 11.00-де Алматы қаласында «Ұлы Жібек жолы – диалог жолы» атты балалар мен жастар бастамаларының «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ДИАЛОГЫ» ІІІ Халықаралық форумы «2023 жыл – халықаралық диалог жылы, бейбітшіліктің кепілі ретінде» Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бастамасын қолдау аясында ұйымдастырылып отыр.
Форумның мақсаты – Ұлы Жібек жолындағы халықтардың мәдени мұрасын сақтау және көбейту, адамдардың әртүрлі қауымдастықтарының өкілдері арасындағы өзара сыйластықты нығайту, шығармашылық әлеуетті дамыту. Бұл іс – шараны ұйымдастырушысы – ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы, ал серіктестері – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы, Алматы қаласының білім басқармасы, № 5 мектеп-гимназиясы, №73 мектеп-гимназиясы, № 105 гимназия, Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, № 3 оқушылар үйі, Орталық Азия, Ресей елдерінің ЮНЕСКО клубтары, «Ұлан» және «Дружные ребята» республикалық балалар газеттері.
Қайырымдылық серіктестері ретінде алғаш рет балалар үшін «Алматы нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, «Жигалма» ЖШС, «Юбилейный» супермаркетінің филиалы көмек қолдарын созды.
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, халық жазушысы, ақын, түркітанушы Олжас Омарұлы Сүлейменов атап өткендей, Форум Қазақстан жастарының өмірі үшін маңызды және «Бейбітшілік эстафетасын жастарға тапсыруға» тамаша мүмкіндік болады. «Егер біз мәдениетті сақтасақ, мәдениет әлемді құтқарады» деп аты аңызға айналған тұлғаның айтқан сөздері форумға қатысушылар үшін маңызды болып табылады.
Бұл іс-шараның міндеттері ЮНЕСКО-ның 2022-2029 жылдарға арналған орта мерзімді стратегиясының стратегиялық мақсаттарына, оның ішінде білім алушылар мен шығармашылық қоғамдарға, мәдени әртүрлілік пен мұраны қорғауға жәрдемдесуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының мақсаттарына толық сәйкес келеді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне және ел ішінде де, халықаралық ауқымда да мәдениетаралық диалогты дамытуға өз үлесіңізді қосу үшін сіздерді осы форумға қатысуға шақырамыз.
Байланыс: ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының жастар бағдарламаларының үйлестірушісі Татьяна Юрченко
Ұялы тел.: 8 777 960 25 63, 261 20 09 ж.т.
Өтетін орны: Алматы қ, № 5 мектеп-гимназия. Мекен-жайы: 9 ықшамауданы №16 үй. (Саин – Шаляпин көшелерінің қиылысы)

Артқа қайту