«М. О. Әуезов шығармашылығының халықаралық маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

conference

2022 жылдың 29 маусымында ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп Мәдениеттерді  жақындастырудың халықаралық  онжылдығы аясында (2013-2022 жж.) көрнекті жазушы,  ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың   туғанына 125 жыл толуына орай «М. О. Әуезов шығармашылығының халықаралық маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы мен көрмесін өткізді.

Конференцияның мақсаты Қазақстанның ұлы жазушысы,  ғұлама ғалым      Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығындағы әдеби, қоғамдық-саяси және ғылыми идеялар мен құндылықтарды зерделеу және зерттеу. Көрнекті жазушының 125 жылдығын ұлттық және халықаралық деңгейде атап өту ғылым мен мәдени-ағартушылықтың негіздерін біріктіруге бағытталған. 

 Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып: «Барша қазақ халқын М. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Мен қазақ тілін үйрене бастағанда ең бірінші жазушы шығармашылығымен жақын таныстым. Келешекте АҚШ-да ұлы жазушының құрметіне арнап халықаралық деңгейде іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз Мұхтар Әуезовтің Жазушының шығармаларынан үзінділер келтірілген кітапты жарыққа шығардық»- деп өз тілегін білдірді. Конференцияд ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Омарұлы Сүлейменов кемеңгер тұлғаның халқына қалдырған мол әдеби  мұрасы мәңгілікке халық жадында сақталып қала береді деп өз лебізін білдірді. Сонымен қатар конференцияға  Түркі тілдес елдердің мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі Түріксой халықаралық ұйымының төрағасы Сұлтан Раев, «М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының» директоры К.Матыжанов,  «М. Әуезов музей-үйі» ғылыми-мәдени  орталығының директоры Диар Асқарұлы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып,  Алматы қаласының әкімдігі Мәдениет басқарамасының басшысы Ғани Айдарұлы  әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалымдар, Қазақстаның және шетелдің  қоғам және мемлекет қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.