2022 жылдың 29 маусымында көрнекті жазушы, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «М. О. Әуезов шығармашылығының халықаралық маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
Конференцияның мақсаты Қазақстанның ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығындағы әдеби, қоғамдық-саяси және ғылыми идеялар мен құндылықтарды зерделеу және зерттеу. Көрнекті жазушының 125 жылдығын ұлттық және халықаралық деңгейде атап өту ғылым мен мәдени-ағартушылықтың негіздерін біріктіруге бағытталған.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - Абайды әлемге танытып зерттеу арқылы елінің интеллектуалдық және адамгершілік жетілуі үшін аянбай еңбек еткен қазақтың ұлы жазушысы, ағартушысы және публицист-ғалымы.
Конференция жұмысына әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жетекші мамандар, Қазақстаның және шетелдің қоғам және мемлекет қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Іс-шараны Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы аясында (2013-2022 жж.) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасымен бірлесе ұйымдастырып отыр.
Конференция 2022 жылы 29 маусымда сағат 14.00-де Абай даңғылы 14 үйде Ұлттық кітапханада (Н Дәулетова атындағы залда ) өтеді.
Конференция шетелдік және басқа қалалардан келген қатысушылар үшін онлайн-форматта және Алматы қаласындағы қатысушылар үшін аралас түрде өткізіледі.
Конференцияға ZOOM онлайн қосылу үшін сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/84151330794?pwd=endNRUxWUng3RFFXV0VlQjd3WWdTZz09
Конференция идентификаторы: 841 5133 0794
Кіру коды: 060463
Ұйымдастыру комитеті

Артқа қайту