21 мамыр Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы барлық әріптестерді 21 мамыр Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды! Айтулы мереке аясында орталықтың бірқатар қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық нагарадаларымен марапатталды. Орталықтағы көрме және экспозиция бөлімінің меңгерушісі Марат Мугалұлы Нурпейісов "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, орталықтың аға ,ғылыми қызметкерлері Сауле Керімбайқызы Өміралиева мен Игорь Крупко ҚР Мәдениет және спорт министрінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!

Артқа қайту