«Ұлы Жібек жолы-диалог жолы. Ұлы Жібек Жолындағы дарындылар және мәдени мұра» балалар мен жастар бастамаларының екінші Халықаралық форумы
2022 жылдың 30 - сәуірінде Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның 2022-2029 жылдарға арналған орта мерзімді стратегиясына сәйкес білім алушылар мен шығармашылық қоғам, мәдени әртүрлілік пен мұраларды қорғауға қолдауды қарастыратын «Ұлы Жібек жолы-диалог жолы. Ұлы Жібек жолындағы таланттар және мәдени мұра» атты онлайн форматта балалар мен Жастар бастамаларының екінші Халықаралық форумы өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ұйымдастырды.
Форумның міндеттері - халықтардың мәдени мұрасын сақтау және жандандыру; түрлі этностардың мәдениетіне қызығушылықты арттыру және оны насихаттау; этносаралық қарым-қатынасты нығайту; ұлттық мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету; жас ұрпақты мәдени құндылықтарды жалғастыруға ынталандыру; халықтардың мәдени мұрасының тарихи құндылығын түсіну; қазіргі көпұлтты және поликонфессиялық қоғамның даму жағдайындағы қарым-қатынастағы ұлттық-азаматтық бірегейлік пен толеранттылыққа тәрбиелеу; мәдениеттердің өзара әрекеттестігі және кәсіпшіліктің, қолөнер мен халық шығармашылығының алуан түрлерімен танысу.
Форумға Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығындағы «Идеялар зертханасы» жастар бағытының мүшелері - мектептер, «Almaschool» кәсіпкерлік білім беру мектебі, № 73 мектеп-гимназия, Орталық Азия мен Ресей елдерінен серіктестер қатысты.

Артқа қайту