ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жұмыс сапарымен ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығына келді

conference

2022 жылы 19 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жұмыс сапарымен ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығына келді. Кездесу аясында министр Орталық директоры Олжас Омарұлы Сүлейменовпен кездесті. Директорыдың орынбасары Сыдықов Айбек Жексеналыұлы 2021 жылғы Орталық тарапынан атқарылған ғылыми жұмыстардың есебін баяндап, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, министр Орталықтағы «Ұлы Жібек Жолындағы мәдениет пен дін» тақырыбындағы музей экспозициясымен танысты. Кездесу соңында министр Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының халықаралық қауымдастықта мәдениетаралық диалогты үйлестіру мен жандандырудағы қызметіне сенім арта отырып, Орталық қызметінің табысты болуына өз тілектестігін білдірді.