Әл-Фараби атындағы ҚазҰПУ Тарих факультетінің «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 1-курс студенттері ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығында қонақта болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 1-курс студенттері ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығында қонақта болды. Орталықтың ғылыми хатшысы Салтанат Әшімова «Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен дін» атты музей экспозициясын таныстырып, қазіргі заманғы мультимедиалық құралдарды (VR көзілдіріктер, планшеттер, ақпаратты дүңгіршектер) көрсетті.
Сонымен қатар студенттер осы орталықтың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы, белгілі шығыстанушы ғалым Клара Шайсұлтанқызы Хафизовамен, бас ғылыми қызметкер, жазушы, жамбылтанушы Нағашыбек Қапалбекұлымен кездесті. Олар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті.

Артқа қайту