"Құрметті Сүлейменов мырза!"
ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және бойынша Алматыдағы Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменовты Құрметті Легион орденімен марапатталғанымен құттықтау хатын жолдағанын қуана хабарлаймыз.
Құрметті Сүлейменов мырза!
Алматыдағы ЮНЕСКО бюросының атынан және өзімнің атыман Француз Республикасының ең жоғыры наградасы Құрметті Легион Ордені марапатын алуыңызға орай Сізге деген құттықтауымды қабыл алыңыз.
Сіз біздің ұйымның басты құндылықтарының ілгері дамуын ескере отырып ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда әрдайым маңызды қадамдар жасап, оң шешімдер қабылдадыңыз. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы бейбітшілік пен тұрақтылық жолында сенімді қадам жасап келеді. Мұның барлығы Сіздің есіміңіздің Қазақстанда ғана емес әлемдік беделіңіздің артқандығының белгісі деп білеміз. Француз Республикасы басшысының Сіздің ерен еңбегіңізді ескеріп, жоғары деңгейде бағалауы үлкен мәртебе.
Сіздің Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру жылы (2010), Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығын (2013-2022) жариялап қолдау білдіруіңіз халықаралық қауымдастықта ЮНЕСКО-ның қызметінің ілгері дамуына, жаһандық жол картасын әзірлеуге, мәдениетаралық диалогты, бейбітшілік пен өзара түсіністік мәдениетін дамытудағы маңызды қадамдар жасауға бастамашы болды. ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығындағы басшылық қызметіңізге құрмет білдіре отырып ЮНЕСКО-мен тұрақты ынтымақтыстық орнатқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Мәденеиеттерді жақындастыру орталығы адам санасында бейбітшілікті нығайтуға бағытталған ЮНЕСКО Жарғысымен үндестікте бола отырып, Сіздің бүкіл әлемде бейбітшілік пен өзара тұрақтылықты нығайту жолындағы қызметіңіздің жалғасы болып табылады. Сізді ерекше марапатыңызбен тағы да құттықтай отырып, мәдениеттер мен халықтарды жақындастыруға қосқан жеке үлесіңіздің халықаралық дәрежеде жоғары бағалануы үлкен мәртебе деп білемін.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және амандық тілеймін!
Құрметпен, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан бойынша Алматыдағы Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат

Артқа қайту