Марапаттау

conference

24 ақпанда Францияның Алматыдағы Бас консулы ЮНЕСКО қамқорлығындаңы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменовке Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дидье Канесса мырзаның ресми құттықтау хатын табыс етті. Онда Француз Республикасының Президенті өзінің декретімен Сүлейменов Олжас мырзаны Құрметті Легион орденімен марапаттады. Осыған байланысты Франция елшісі өзінің шынайы құттықтауын білдірді. Марапаттау рәсімін өткізу мерзімі мен тәртібі туралы хатта қосымша хабарланады.
Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ұжымы Олжас Омарұлын Мәдениеттер мен халықтарды жақындастыру ісіне қосқан елеулі еңбегінің  халықаралық дәрежеде  бағаланып жоғары деңгейде марапатталуымен шын жүректен құттықтайды.