"BILGAMESH" Мәдениеттану және әлеуметтік зерттеулер халықаралық альманахының №5 шығарылымы
Біз өз жазылушыларымызға және барлық мүдделі тұлғаларға ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы шығаратын "BILGAMESH" халықаралық мәдениеттану және әлеуметтік зерттеулер альманахының бесінші нөмірінің шыққанын қауана хабарлаймыз.
Альманахтың жаңа нөмірі "Білім және толеранттылық поэтикасы" тақырыбына арналып отыр. Екінші бөлімде 2021 жылдың 10 қыркүйегінде өткен Білім мәдениетін қолдау мақсатында "Білім поэтикасы мен әлем діндеріндегі толеранттылық" атты II Халықаралық Алматы кеңесінің материалдары жинақталған. Зерттеушілер мен оқырмандарды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі мәдениеттердің бірлігі, диалогы және жақындасуы тарихын дәлелдейтін біздің мультидисциплинарлық этимологиялық, лингвистикалық, тарихи зерттеулерімізге атсалысуға шақырамыз.
"BILGAMESH"(Мәдениеттану және әлеуметтік зерттеулер Халықаралық альманахы). №5 шығарылым. Білім мен толеранттылық поэтикасы. – Алматы, 2021. ISBN 978-601-08-0233-9

Артқа қайту