ЕУРАЗИЯ МӘДЕНИЕТТЕРІН ЖАҚЫНДАСТЫРУ БОЙЫНША IV ЖАҺАНДЫҚ КЕҢЕС «ОРТАҚ ЭТОСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: САНАЛЫ ӨЗАРА ТӘУЕЛДІЛІК ДӘУІРІНЕ АЯҚ БАСУ»
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесіп, Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық онжылдығы (2013-2022 жж.) аясында ЮНЕСКО-ның іс-жоспарын тиімді іске асыру мақсатында Еуразия мәдениеттерін жақындастыру бойынша «Ортақ этостың қалыптасуы: саналы өзара тәуелділік дәуіріне аяқ басу» атты IV Жаһандық кеңес өткізеді.
Кеңес 2021 жылдың 20 қазан күні Алматы уақытымен 14.00-18.00 және Орталық Еуропа уақытымен-– (СЕТ) 10.00-14.00 уақыты аралығында Алматы қаласында өтеді.
Кеңеске онлайн режимде қосылу үшін сілтеме:
Пленарлық отырысқа және I секцияға қосылу үшін-сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/87860608541?pwd=Wk9zbHR5bFlEQlpQL056YVQ3TTkwZz09
Конференция идентификаторы: 878 6060 8541
Кіру коды: 274546
II Секция
https://us06web.zoom.us/j/83424231923?pwd=aXIvTnB2ZXVJejdZT3U0dWptS1BiZz09
Конференция идентификаторы: 834 2423 1923
Кіру коды: 314897
III Секция
https://zoom.us/j/98887149702?pwd=S3gwb1Z5cjNXdnpPK1hkdEVodHd0Zz09
Конференция идентификаторы: 988 8714 9702
Кіру коды: 352158
Консультацияның мақсаты – адамзаттың бейбіт қатар өмір сүру проблемаларын шешу жолында жаңа дәлелдер ұсына отырып планетарлық сананы қалыптастыруға қолдау білдіру, сонымен қатар, бүгінгі және келешек ұрпаққа тиімді коммуникациялар мен ынтымақтастық үшін білім мен дағдыларды игеруге жол көрсетіп, оларды әлемнің жауапты азаматтары болуға тәрбиелеу.
Консультациялар өткізу кезінде 3 секция жұмысы жоспарлануда:
I Секция. Саналы өзара тәуелділік және планетарлық сана. Ортақ құндылықтарды нығайтудың негізін құру
Секция шеңберінде мәдени әртүрлілікті сақтауды, бостандық, теңдік, ынтымақтастық, төзімділік, әлеуметтік интеграция және табиғатқа деген қызығушылық сынды ортақ құндылықтарға шынайылықты талап ететін процесс негізіндегі маңызды мәселелер қаралатын болады. Осыған байланысты секция жалпы адамзаттық дүниетанымды қалыптастыруда тиімді өзара іс-қимылдың жаңа нысандары мен әдістерін іздеуге назар аударуға бағытталған.
II Секция. Тұрақты дамуда маңызды диалогқа қолдау білдіру
Секция тұрақты дамудың этикалық, тарихи, әлеуметтік және мәдени аспектілеріне қатысты, сондай-ақ мәдени плюрализм мен ғылымдағы диалогты қолдау мәселелерін қарастырады.
III Секция. Білім беру және БАҚ арқылы жалпы этостық және мәдениетаралық диалог қағидалары мен құндылықтарын тарату
Секция мәдениеттердің шынайы жақындасуына қолдау білдірудегі білім беру, БАҚ және әлеуметтік желілердің рөліне арналып, сондай-ақ мәдениетаралық диалогқа және ортақ этосты қалыптастыруға кедергі келтіретін факторларды зерттеуге және оларды еңсерудің ықтимал жолдарын қарастыруға бағытталған.
Коронавирустың таралуынан туындаған әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Еуразия мәдениеттерін жақындастыру бойынша IV Жаһандық кеңес шетелдік және басқа қалалардан келген қатысушылар үшін онлайн-форматта Алматыдағы қатысушылар үшін аралас түрде өткізілетін болады.
Байланыстар: Алматыдағы ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы
(info.crc-kz@mail.ru : +7 727 261 20 09)
Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті

Артқа қайту